«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ШТАБТАРЫНЫҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

109

Су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша «Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті.

ҚХА өңірлік штабтарының жұмысын үйлестіру және «Жүректен жүрекке» жобасын іске асыру мәселелері қаралды.

Жиында сөз алған ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге ҚХА тарапынан көмек көрсету белсенді жалғасып жатқанын атап өтті.

Аталған жиынға бейнебайланыс арқылы Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, мекеме қызметкерлері, облыстық ҚХА жанындағы құрылым өкілдері, «Ассамблея жастары» мүшелері қатысты.

Жиында белгілі болғандай, республика бойынша ҚХА-ның 9,8 мыңнан астам еріктісі жұмылдырылған. Бүгінгі таңда ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері зардап шеккен өңірлерге 212,3 тонна азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті тауарларды, сондай-ақ 253 млн теңгеден астам қаржылай көмек жіберді.

Айта кетсек, ҚХА еріктілері зардап шеккен тұрғындарға тұрақты түрде көмек көрсетіп, жүкті жеткізіп, құтқарушыларға көмектеседі және су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы маңызды ақпаратты жариялайды.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі