ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНА БАЗАСЫНДА ПЕДИАТРИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БІЛІКТІ МАМАНДАРЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ.

88

Республикалық емдеу орталығынан келген мамандар құрамында ПРОФЕССОР ЕРЕКЕШОВ АСЫЛЖАН ӘБУБӘКІРҰЛЫ, профессор, ҚР ДСМ штаттан тыс бас неонаталдық хирургі, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ клиникалық жұмыс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, БОЖБАНБАЕВА НЫШАНГҮЛ СЕЙІТБЕКҚЫЗЫ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «КЕАҚ неонатология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д.,

НАУРЫЗАЛИЕВА ШӘМШАГҮЛ ТӨЛЕПҚЫЗЫ, балалар пульмонологы, м.ғ.к., С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының доценті, СҮЛЕЙМЕНОВА ИНДИРА ЕСКЕРМЕСҚЫЗЫ, М.ғ.к., Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «КЕАҚ неонатология кафедрасының доценті, НӘЛІБАЕВ АТХАМ ШӘКІРҰЛЫ, «ПБХҒО» АҚ кардиохирургиялық реанимация меңгерушісі, анестезиолог-реаниматолог бірінші санатты дәрігер

ХЕГАЙ ОЛЬГА ВИТАЛИЕВНА, «ПБХҒО» АҚ бірінші санатты неонатолог реаниматолог дәрігері бар.

Ғылыми орталықтан келген білікті мамандар облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімшелерде жатқан ауыр науқастарға кеңес берді. Сондай-ақ консультативтік -диагностикалық емханада ауданнан келген пациенттерге консилиум жасап, жаңа туған нәрестеге ота жасау барысында тәжірибесімен бөлісті. Хирургтарға лекция оқып, дәріс берді.