ГУЛИСТАН КӨШЕСІНДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН ЖӘНЕ 145 КӨШЕДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

597

Қаратау ауданы Қызыл су тұрғын алабының Гулистан  көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аумақтағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Гулистан көшесінің  2-кезеңі атауы жоқ көшенің соңына дейінгі аралықты қамтиды. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 2,7 шақырым, ал ені 5 метр. Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.

Ал, 2 кезеңіндегі жалғасы КХ-41 автомобиль жолының атауы жоқ көшеге дейінгі аумақты алып жатыр. Ұзындығы 2,1  шақырым болатын көшенің орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

3-кезеңге сәйкес жұмыстар КХ-41 автомобиль жолынан атауы жоқ көшеге дейінгі аралықта жүргізілуде. Көшенің ұзындығы – 2 шақырым, ені-5м. Қазіргі таңда асфальтбетон жамылғысының 1 қабаты төселіп, жұмыстың 80% аяқталды. Екінші қабатын төсеу жұмыстары маусым айының соңына жоспарланған.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов орташа жөндеу жұмыстары аяқталған бірнеше көшені аралады.

Соның бірі — Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесі. Көшенің ұзындығы — 2,7 шақырым, ал ені — 5 метр.  Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.

Жалпы биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшенің жұмыстары күзге дейін аяқталады деп күтілуде.

 

ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бұл — Әл-Фараби ауданы А.Байтұрсынов көшесі 4 мекенжайындағы жаңадан абаттандырылған көпқабатты тұрғын үй ауласы. Қала әкімі ауланы аралап, атқарылған жұмыстармен танысып шықты.

Мұнда соңғы рет 2014-2015 жылдары абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

Тұрғындардың ыңғайы үшін әр көп қабатты тұрғын үй ауласына орындықтар, қоқыс жәшіктері, күркелер, тренажерлық кешендер, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элементтері қойылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

@murat__aitenov @shynggys_muqan @gabit_maulenkulov @yerzhan_transport @transport.shym