«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭКОАКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

56

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экоакциясының «Жасыл аймақ» апталығы жалғасып жатыр. Облыс орталығындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұжымы да игі іске қолдау білдіріп, өңірдің жасыл желекке орануына өзіндік үлестерін қосты.

Мамандар шара барысында орталықтың ауласын абаттандырып, ағаш түптерін қопсытты. Сондай-ақ, жайлы орта қалыптастыру мақсатында көпжылдық гүл көшеттерін екті. Орталық мамандары осындай акциялардың жүйелі түрде ұйымдастырылатынын айтып, қала тазалығы мәдениетін қалыптастыруда, табиғатты аялауда шараның берері мол екенін жеткізді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі