«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: САЙРАМДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАРТ АНАНЫҢ АУЛАСЫН АБАТТАНДЫРУҒА АТСАЛЫСТЫ

59


«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында Сайрам ауданына қарасты елді мекендер белсенділік танытуда. Манкент ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері де игі шараға қол ұшын созып, тазалық жұмыстарына атсалысты.
Тазалық шарасы барысында ауылдық округ әкімдігі мамандары мен қоғамдық жұмысшылар Манкент ауылы, Жаңа шахар көшесінің тұрғыны Рухсар Маккамбаева есімді 94 жасар тыл ардагерінің үйіне барды. Қарт ананың ауласындағы арам шөптерді жұлып, талдарды әктеді. Сондай-ақ, қураған ағаштарды қырқып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Үйіне келіп көмек қолын созған ауыл тұрғындарына қария ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі