ШҰБАРСУДА ҮШ МЫҢНАН АСТАМ АБОНЕНТ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

82

Бүгін аудан Шұбарсу елді мекенін ауыз сумен қамтудың төртінші кезеңі бойынша 3142 абонентке су беру берілді. Шұбарсулықтардың қуанышына аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Айта кету керек, Шұбарсуды ауыз сумен қамту үшін 5 кезеңмен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бірінші кезең бойынша нысан құрылысы аяқталып, 1 965 тұрғын немесе 655 абонент ауыз сумен қамтылды.

Екінші кезең бойынша 3 333 абонент ауыз сумен қамтылатын болады. Нысанды биыл мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Үшінші кезеңде 3 584 абонент ауыз сумен қамтылатын болады. Нысанды биыл мамыр айында пайдалануға беру көзделіп отыр. Ал,

бесінші кезең 3 191 абонент ауыз сумен қамтылмақ.

Жылдың соңына дейін барлық кезеңмен ауыл толық ауыз сумен қамтылатын болады.