ТЕМІРЛАНДА 38000 ТҮП МАУСЫМДЫҚ ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

40

Ауданда «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығы басталды.

Акция аясында аудан орталығы Темірлан ауылында 38 000 түп маусымдық гүл көшеті егілді. «Темірлан аббаттандыру» мекемесінің басшысы Салтанат Алибаеваның айтуынша жалпы 94 мың дана гүл отырғызу жоспарланған. Оның 38 мың данасы сальвия, шафран, тагеци, ценарерия, катарантус түрлерінен гүл көшеттері.

Одан бөлек, аудан орталығында аулаларды абаттандыру, көшет отырғызу, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Аса күтім талғамайтын және ұзақ жылдық гүлдер аудан орталығының сәнін кіргізуде. Сонымен қатар, апталық аясында саябақтың іші қалыпқа келтіріліп, тазалық жұмыстары жүргізілді.