“BEST STARTUP” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

54

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі және “Шаңырақ” жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданында «BEST STARTUP» үздік жобалар аясында “Кәсіпкерлік негіздері: Жоба жазу және startup жобалармен жұмыс” тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингті “Шаңырақ” жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы” ҚБ төрайымы Байзахова Сабира Мұратқызы мен Бизнес-тренер, кәсіпкерлік саласында бірқатар компаниялардың стратегиялық жетекшісі Джандарбекова Ақсауле Есқалиқызы өткізді.

Байқаудың мақсаты — еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау. Отандық жобаларды іске асыруда көмектесу, олардың коммерцияландыруына және ұлттық кәсіпорындарда енгізуге көмектесу.

Алдағы уақытта, үздік жобалар бизнес идеясы бар, кәсіп ашуды көздеген жас кәсіпкерлердің бизнес жобаларын талдап олардың кәсіп ашуына жол көрсетіп, аталған байқауға қатысуға мүмкіндік алады.