“ҚАБІЛЕТ” РОБОТОТЕХНИКАЛАР АУДАНДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

28

Бүгін Жастар сарайының ғимаратында аудандық “Қабілет” робототехникалар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты — дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын арттыру арқылы білім деңгейін көтеру. Жаңа бағыттағы жобаларына қолдау көрсету.Табысқа жетер жолды білімнен іздеуге шақыру.

Аудандық “Қабілет” робототехника байқауына 14 пен 35 жас аралығындағы 40-қа жуық жас қатысып, бақ сынасты.

Жалпы байқау 3 санат бойынша өткізілді:

— Сызық бойымен жүру

— ⁠Робосумо

— ⁠Робо асық ату және 3Д принтер жасап шығарылған заттардан көрме жасау.

Бас төреші Айтбаев Бауыржан Тілеулесович есеп қорытындысына сәйкес жеңімпаздарды анықтады.

Сызық бойымен жүру:

— Камардин Асылзат / 40 000 тг

— ⁠Сатыбалды Аянбек / 30 000 тг

— ⁠Айтмырза Нұржан / 15 000 тг

Робо асық ату:

— Серік Мұхамедәлі / 40 000 тг

— ⁠Айтбек Ақарыс / 30 000 тг

— ⁠Сәбит Наурызбай / 20 000 тг

Робосумо:

— Аптарбек Арман / 40 000 тг

— ⁠Бақтыбай Мұхаммед / 30 000 тг

— ⁠Кеңесбек Қуаныш / 20 000 тг

3Д принтер жасап шығарылған заттардан көрме

— Айымбетова А / 5000 тг

— ⁠Қаражігіт А / 5000 тг

— ⁠Усенова Г / 5000 тг

— ⁠Мадиева С / 5000 тг

— ⁠Мамбетова Г / 5000 тг

— ⁠Қадыр А / 5000 тг

— ⁠Дәнебек Б / 5000 тг

“Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің директоры Ә.Баймаханова барлық жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасарының дипломы, сертификат және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.