«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «АСТАНА» АЛЛЕЯСЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

171

Қаратау ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.
2024 жылғы 27 мамыр күні «Нұрсәт» шағынауданындағы «Астана» аллеясында 400-ге жуық тұрғындардың қатысуымен кезекті тазалық жұмыстары өтті.
Акция барысында аллея аумағын қоқыстан тазарту, ағаштарды әктеу, көгалдарды қырқу, орындықтарды сырлау және т.б жұмыстар жасалды.
Акцияға жергілікті тұрғындардың қатысуымен қатар 10 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде жалпы 50 тонна қоқыс шығарылды, шамамен 500 килограмм бояу пайдаланылды, 3000 метрге жуық қоршаулар боялып, ақталды.
Қоршаған ортаны тазартуға және көгалдандыруға ынталы қатысқан жергілікті балалар мен жасөспірімдердің қатысуы ерекше маңызды болды. Олар үшін бұл олардың тазалық шарасына көмектесудің жолы ғана емес, достарымен және отбасымен ашық ауада уақыт өткізу мүмкіндігі болды.
Еске сала кетейік, көгалдандыру бойынша санитарлық жұмыстар Қаратау ауданының барлық елді мекендерінде көктемнің бірінші күнінен бастап жүргізіледі.