ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Назарбаев инновациялық мектебінің» оқушылары 18-22 мамыр күндері республикалық олимпиадаға қатысып, жүлдегер атанды. Білім-инновация халықаралық қоғамдық қоры мен «Edlight Academy» ЖШС ұйымдастырған білім бәйгесіне 10-11 сынып оқушылары қатысқан. Химия, математика, биология, физика, информатика мен география пәндері бойынша елімізден жалпы саны 1 764 оқушы бақ сынаған.
Үздіктерді анықтайтын олимпиадада биология пәні бойынша сынға түскен Ерасыл Тұрлыбек 2-орынды иемденсе, ал химия пәнінен Нұрдәулет Әуесхан мен география пәнінің облыстағы үздігі Зиёда Абдуғаппарова 3-орын алды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі