ТҮРКІСТАНДА «ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

59

Түркістан облысында «ZHAS PROJECT» жобасының жеңімпаздары анықталды. Әлеуметтік жобаға өңірдің барлық аудан-қалаларынан 500-ден астам жас қатысып, өз жобаларын ұсынған. Оның ішіне 225 жоба талапқа сай деп танылған. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша «ZHAS PROJECT» жобасының менторы Сая Сағынғалиева брифингте мәлімдеді.

«Іріктеу кезеңінен өткен жастар 3 күндік онлайн семинар-тренинг оқуынан өтті. Соңғы комиссия отырысында 129 қатысушы өз жобасын қорғап, 20 жоба грант иегері атанды. Үздік деп танылған жастарға кәсібін бастау үшін 1 миллион теңге көлемінде қаржы беріледі. «Zhas project» жобасының негізгі мақсаты – жастардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жобаға қатысушылар өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бастамаларды жүзеге асырып, сонымен қатар көшбасшылық қабілетін де дамыта алады»- деді спикер.

Сондай-ақ, бұл 18 жастан 35 жасқа дейінгі және NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жобаларды іске асыруына бағытталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі