ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА КӘСІП ТҮРІ ДАМУДА

869

Қайнар елді мекенінде жеке кәсіпкер Әсембеков Бақытжан Мырзанұлы 50 000 000 қызыл калифорниялық шы­лаушын асырап, жылына 1000 куб биогумус өндіруде. Кезінде 200 калифорниялық шы­лаушын сатып алған кәсіпкер, бүгінгі таңда 50 000 000 шылаушын асырауда.

Кәсіптің тиімділігі: калифорниялық шы­лаушындар шіріген органикалық заттарды «жеу» арқылы жердің құра­мын гумуспен байытып, құнарлы қа­ра топыраққа айнал­дырады. Агросектрға бағытталған ауданымыз үшін органикалық тыңайтқыштың бұл түрі өнімділікті арттыруда, үй шаруашылығы секторында 2 өнім табиғи таза өнім алуда және әр бір азамат өзін-өзі жұмыспен қамту мүмкіндігі бар. Аса қаржылық шығынды қажет етпейтін кәсіп түрі.

Жобаның осы түрін Темірлан елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Қанат Патеев үй шаруашылығы секторында 2000 бас калифорниялық шы­лаушын асырап, соңғы 2 ай мерзімінде 10 000 басқа жеткізді.

Жобаға ниет білдірушілерге аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан жоба иесіменен мастер-класс, семинарлар өткізу жоспарлануда.