ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР! СІЗДЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!
Мемлекеттік қызмет – халыққа адал қызмет! Әрбір өркениетке ұмтылған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға жетелеуші мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы.
Ауданда мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшінің беделін көтеру бағытында көптеген жұмыстар жүргізіліп келеді. Мемлекеттік қызметшілер жұмыста қарапайым, өмірде өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сондықтан ел үшін қызмет ету, оның ішінде ауданның дамуына үлес қосу – мерейлі міндет, зор абырой.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ауданымыздың табысы мол, гүлденген өлкеге айналары сөзсіз.
Қадірлі әріптестер!
Дана халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген қанатты сөз бар. Мемлекеттік қызметшінің еңбегі Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті бола бергей!
Изгі ниетпен,
аудан әкімі Азат Оралбаев