МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

87

Бүгін аудан орталығындағы “Мәдениет үйінде “23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне” орай іс-шара болып өтті.

Атаулы шарада аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат аппарат басшысы Арсен Ахметов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбегі еленген бірқатар мемлекеттік қызметшіге алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.

-Құрметті мемлекеттік қызметкерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

“Мемлекеттік қызмет — халыққа қызмет”. Еліміздің жан-жақты дамуы жолында мемлекеттік қызметшілердің еңбегі орасан зор. Ел үшін қызмет ету, оның ішінде ауданымыздың дамуына үлес қосу – азаматтық борыш, зор абырой.

Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, құт-береке, амандық тілеймін!- деді аудан әкімі.

Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне арналған ізгі ниетін жеткізді.