2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында “Amanat” партиясы

88

2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында “Amanat” партиясы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен “Қарызсыз қоғам” жобасына ерекше тоқталып, оның игілігін барша халық көруі керек деген болатын.

Аталған жоба көп ұзамай өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған шаралар жүргізілуде.

Осылайша жыл сайын 200 мың қазақстандыққа қаржылық сауат курстарын өткізу жоспары қойылды.

Сондай кездесулердің біреуі Төрткүл елді мекенінде болып өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, “Amanat” партиясының аудандық филиалының жетекшісі Әлиасқар Байдуллаұлы және

«Ұлы дала» ауыл бизнесінің дамыту ассоциациясы, «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасының қаржы-сарапшысы Ержан Кангелдиев және ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында мамандар тұрғындарға қаржылық сауаттылықты арттыру, оның ішінде қарыздан құтылудың, кәсіп бастаудың тиімді жолдары кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ бұғатталған есеп-шотты ашу арқылы қарызды өтеудің ұтымды жолдары туралы ақпараттар берілді.