БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

29

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданында облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті. «Тәуелсіз ел ақындары» атты жыр додасының басты мақсаты — жастар бойында отансүйгіштікті кеңінен насихаттап, жас ақындар шығармашылығына қолдау білдіру.

Салтанатты шараға Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің директоры, айтыскер ақын, Біржан Байтуов, «Орынбай Тайманов» атындағы өнер және саз мектебінің ұстазы Асхат Тұрсын және «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Ақтөре Қайрат қазылық жасады.

Ақындар алғашқы кезеңде еркін тақырыптағы өлеңін оқыса, келесі кезеңде Түркістан облысына арнау өлеңдер бойынша бақ сынасты. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде шардаралық Бекжұман Нарымбайға бұйырды. Ал, қос 1-орынды Түлкібас ауданының тумасы Абзал Балқыбек пен бәйдібектік ақын Ұлан Абзалұлы жеңіп алды. Екінші орынды Келес ауданынан келген Қанат Жолдасбеков пен Түркістан қаласының намысын қорғаған Назерке Мұтан еншіледі. Ал, үздік үштікті Жетісай ауданының жас ақыны Зарина Пердебай қорытындылады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі