«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

53

2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «AMANAT» партиясы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен “Қарызсыз қоғам” жобасына ерекше тоқталып, оның игілігін барша халық көруі керек деген болатын.

Аталған жоба көп ұзамай өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған шаралар жүргізілуде.

Осы бағытта ағымдағы жылдың маусым айының 17-21 аралығында «Ұлы дала» ауыл бизнесінің дамыту ассоциациясы, «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасының қаржы-сарапшысы Ержан Қангелдиев Шұбарсу ауыл округінде 70 –тен аса ауыл тұрғындарының қатысуымен оқыту семинар жүргізді.

Оқу семинарын сәтті аяқтаған ауыл тұрғындарына «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Әлиасқар Байдуллаұлы, Шұбарсу бастауыш партия ұйымы төрағасы Қабылбеков Сәрсенбек және қаржы-сарапшысы Қангелдиев Ержан сертификат табыс етті.

Жобаға қатысушылар, өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады. Қаржы мамандарының дәрісінен бөлек, қосымша оқу процесіне қатысушыларға заңгерлік көмек көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке-жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді және бизнес жоспар жасауға көмектерін көрсетеді.

Келесі оқу семинар 2024 жылдың 24 — 28 маусым аралығында Бөген ауылдық Мәдениет үйінде жалғасын табады.