ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

70

Шымкент қаласы кәсіподақ орталығының мәжіліс залында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша (үш жақты) комиссияның отырысы өтті.

Отырыста «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеев төрағалық етті.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды:

  1. 2023 жылы қалада жазатайым оқиға бойынша орын алған Индустриалды-техникалық колледжі МКҚК-ның, Шымкент қаласының спорт ғимараттары дирекциясы МКҚК-ның, «Үш барыс» бөбекжай балабақшасы ЖШС-нің басшыларының баяндамалары;
  2. Тәуекелдерді басқару жүйесі анықтаған жоғары тәуекел дәрежесі бар компаниялардың мәселелерін талқылау;
  3. Шымкент қаласының аумағындағы кәсіпорындар мен мекемелерде ұжымдық шарттарды жұмыскермен дер кезінде түзу жұмыстарын қарау.

Күн тәртібіндегі 1-ші сұрақ бойынша арнайы шақырылғандар:

— индустриалды-техникалық колледжі МКҚК-ның басшысының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Абдуллаев;

— Шымкент қаласының спорт ғимараттары дирекциясы МКҚК-ның басшысы А.Калиев;

— «Үш барыс» бөбекжай балабақшасы ЖШС-нің меңгерушісі А.Алтуреева.

Н.Абдуллаев өз сөзінде: Шымкент қаласы білім бсқармасына қарасты «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 2023 жылдың 9 қазаны күні жазатайым оқиға орын алды. Оқиға түстен кейін сағат 16.00 шамасында болған, металды кесу кезінде өндірістік оқыту шебері Слам Бақтыбек Смадиярұлының темір кесетін құралы (болгарка) металға қысылып, тайып кетіп сол аяғының тобығын кесіп алғанын. Дер кезінде жедел жәрдем шақырылып, №1 қалалық клиникалық ауруханасының мәліметі бойынша «Ушиблено-резанная рана левой голени с повреждением пяточного сухожилия. Наружное кровотечение» диагнозы қойылып, медициналық көмек көрсетілгенін.

Шымкент қаласының мемлекеттік инспекциясы басқармасының 2023 жылғы 13 қазандағы №37-а бұйрығымен құрылған комиссия 13.10.2023- 27.10.2023 жыл аралығындағы кезеңді арнайы тергеп-тексеру жүргізілгенін. Тексеру барысында осы жағдайды көрген-білген адамның барлығынан түсініктеме алынып, жазатайым оқиғаның себептері анықталғанын. Тексеру нәтижесі бойынша «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі» түзілген, актіде жұмыс берушінің кінәсі — 35%, жұмыскердің кінәсі — 65% деген шешім қабылданған. Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі комиссия ұсынған іс-шаралар бойынша жұмыстар толығымен атқарылғанын.

Шымкент қаласының мемлекеттік инспекциясы басқармасының Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісімен таныстыру үшін қызметкерлерге жалпы жиналыс өткізілгенін, еңбек қауіпсіздігін сақтау шараларының ережелері пысықталғанын. Жиналыста жалпы ережелер, негізгі ережелер, еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру, оқытушылар мен қызметкерлердің міндеттері, өндірістік санитария мен жеке гигиенаның негізгі талаптары өрт қауіпсіздігі, жылумен қамтамасыз етудің қауіпсіздігі, сумен қамту қызметтерін қолдану кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуы бойынша толықтай айтылғанын.

Колледждің жауапты тұлғаларына кез-келген тәуекелдерді болғызбау мақсатында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейту қажеттігі қадап айтылғанын баяндады.

Келесі сөз алған А.Калиев: Шымкент қаласының спорт ғимараттары дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 2023 жылғы 6 шілде күні «Қажымұқан атындағы орталық стадионында» «Ордабасы-Астана» футбол командалары-ның ойынынан кейін жазатайым оқиға орын алғанын.

Оқиға стадионда футбол командаларының ойынынан кейін қарауыл-күзетшілер мен қызметшілерді ғимараттар мен секторларға орналастыру тәртібі жұмыс берушімен бекітілген. Бекітілген тәртіпке сәйкес, О.Ткаченко оңтүстік ғимараттың сол жақ қақпасына жауапты болып бекітіліп, сол күні О.Ткаченко жұмысқа шыққанын. Ойыннан кейін О.Ткаченко стадиондағы дыбыс шығаратын калонкаларды жабу кезінде сатыдан құлап, ауыр жарақат алғанын. Дирекция әкімшілігі тарапынан, дер кезінде жедел жәрдем шақырылып, №1 қалалық клиникалық ауруханасының мәліметі бойынша, қабылдау бөліміне келіп түскеннен кейін О.Ткаченкоға «Тяжелая сочетанная травма. Множественные переломы. Закрытая травма органов грудной клетки. Закрятый перелом лонной и седалищной кости с обеих сторон со смещением костных отломков. Травматический шок 1-2 степени» деген диагнозы қойылып, медициналық көмек көрсетілгенын.

Шымкент қаласының мемлекеттік инспекциясы басқармасының 2023 жылғы 19 шілдедегі №33-а бұйрығымен құрылған комиссия 19.07.2023-15.08.2023 жыл аралығындағы арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Тексеру барысында орын алған жағдай бойынша көрген білген адамның барлығынан түсініктеме алынып, жазатайым оқиғаның себептері анықталғанын.

Тексеру нәтижесі бойынша «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі» түзіліп, актіде жұмыс берушінің кінәсі — 60%, жұмыскердің кінәсі — 40% деген шешім қабылданған. Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі комиссия ұсынған іс-шаралар бойынша дирекция тарапынан жұмыстар толығымен атқарылғанын.

Сонымен қатар, дирекция құрамындағы 6 спорт кешенінде еңбек қауіпсіздігін сақтау шараларының ережелері таныстырылып, еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру, дирекция қызметкерлеріне қызметтік міндеттері, өндірістік санитария мен жеке гигиенаның негізгі талаптары өрт қауіпсіздігі, кешендерде өтетін спорттық іс-шараларда қауіпсіздік техникасы-ның сақталуы бойынша түсіндірілгенін.

Басқарма тарапынан дирекция басшылары, дирекцияның жауапты қызметкерлеріне қайғылы жағдайларды дирекцияда болдырмау және алдын алу мақсатында тапсырмалардың уақытылы орындалуын, қызметкерлердің денсаулығына, өмір қауіпсіздігі жіті бақылауда ұстау қажеттілігі назарларына жеткізілгенін баяндады.

А.Алтуреева өз сөзінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Үш Барыс» бөбекжай балабақшасы» ЖШС-де 15.05.2023 жылы жазатайым оқиға орын алғанын. Жұмыс берушінің 17.02.2023 жылғы №15/23 ж/қ жұмысқа қабылдау туралы бұйрығымен Камбарова Молдир Эрхановна балабақшаға тәрбиеші лауазымына жұмысқа қабылданғанын. Жұмыс беруші мен М.Камбарова арасында 17.02.2023 жылы №04-23 еңбек шарты түзілген, лауазымдық нұсқаулығы жұмыс берушімен бекітіліп, таныстырылғанын. М.Камбарова 15.05.2023 жылы күнделікті жұмысқа келіп, сол күні сағат 17:30 минут шамасында балабақшаның ауласында балаларды үйіне шығарып салып, асханаға барып су ішіп шыққанда биік өкшелі аяқ киімі қайырылып кетіп, аяғын ауыртып алғанын. Жұмыс берушісі тарапынан биік өкшелі аяқ киіммен жүрмеу туралы бірнеше рет ескертілгенін. Жарақат алғаннан кейін №1 Қалалық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем қызметкерлерімен барғанын, ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйге қайтарылғанын.

Шымкент қаласының мемлекеттік инспекциясы басқармасының 2023 жылғы 19.06.2023 жылы №27 бұйрығымен құрылған коммиссиясы 19.06.2023-01.07.2023 жылдар аралығындағы кезеңді арнайы тергеп- тексеру жүргізді. Тексеру барысында осы жағдайды көрген, білген адамның барлығынан түсініктеме алынып, жазатайым оқиғаның себептері анықталғанын. Балабақшаның тәрбиешісі М.Камбаровамен болған жазатайым оқиғаны қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк факторлардың әсерiмен байланысты емес, жұмыс берушінің немесе қабылдаушы тараптың мүддесімен байланысты емес, М.Камбарованың өзінің абайсыздығынан орын алғандықтан М.Камбаровамен болған жағдай өндіріске қатысы жоқ деп есептеленеді.

Тексеру нәтижесі бойынша «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп тексеру актісі» түзілген, актіде жұмыс берушінің кінәсі — 0% жұмыскердің кінәсі — 0% деген шешім қабылданған. Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі комиссия ұсынған іс-шаралар бойынша жұмыстар толығымен атқарылған.

Шымкент қаласының мемлекеттік инспекциясы басқармасының Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісімен таныстыру үшін қызметкерлерге жалпы жиналыс өткізіліп, еңбек қауіпсіздігін сақтау шараларының ережелері пысықталғанын. Жиналыста жалпы ережелер, негізгі ережелер, еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру тәрбиешілер мен қызметкерлердің міндеттері, өндірістік санитария мен жеке гигиенаның негізгі талаптары өрт қауіпсіздігі, жылумен қамтамасыз етудің қауіпсіздігі, сумен қамту қызметтерін қолдану кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуы бойынша толықтай айтылғанын.

Балабақшаның жауапты тұлғаларына кез-келген тәуекелдерді болғызбау мақсатында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейту қажеттігі қадап айтылғанын баяндады.

Баяндаушылар комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауаптар берді.

Екінші сұрақ бойынша Бауыржан Қалжанов белгілі былтыр желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қауіпсіз еңбектің 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасы қабылданғанын. Оның компоненттерінің бірі тәуекелдерді басқару жүйесін ендіру болып табылатынын. Тәуекелдерді басқару жүйесі іске қосылған және тәуекелдер деңгейінің қаржылық, әлеуметтік, еңбек қатынастары мен қауіпсіздік модельдерінен тұратынын. Қазіргі уақытта жүйе Шымкент қаласында орналасқан 9 компанияда жоғары тәуекелдер бар екендігін анықтағанын айтты.

Олар:

1) «Гаухар» Тігін фабрикасы» ЖШС

Соңғы 3 айда орташа жалақы 81,3 мың теңгені құраған. Жалақы мөлшері қала кәсіпорындарының ішіндегі ең төменгі деп тұжырымдауға болады. Сонымен қатар, кадр ауысымдылығы өте жоғары, 300 – ге жуық штатын ескерсек, 159 жұмыскер жұмысқа қабылданып, 140 жұмыскер босаған, оның 36 жұмыскері теріс жағдайлармен жұмыстан шығарылған. 12 жұмыскер кредиттердің төлеу мерзімін кешіктіріп отыр. Әлеуметтік диалогқа жоқ;

2) «Ferrum-Vtor» (Феррум-Втор) ЖШС

Зерделеу бұл компанияда жұмыскерлер санының қысқарғанын тіркеп отыр, жыл басында 183 бірліктен қазіргі уақытқа 95 – ке түскен. Сондай-ақ, жоғары жалақы алушы 20 жұмыскермен төмен жалақы алушы 20 жұмыскердің орташа жалақысы арасында алшақтық бар (295,2 мың теңге мен 75,6 мың теңге), МКЗЖ саны 87 ден 70 түскен, 16 жұмыскер кредиттердің төлеу мерзімін кешіктіріп отыр.

Жұмысберуші бұл жағдайды Компания өнімдері Ресей компанияларының өнімдерімен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігі төмен болу себебінен өндіріс шектеліп отырғандығымен түсіндіреді. Босаған жұмыскерлердің негізгі бөлігі еншілес компанияларға орналастырылған;

3) «Юсталькон» ЖШС

Бұл компания тәуекел дәрежесі жоғары топқа 79,6 көрсеткішпен еніп отыр, алдыңғы кезең талдауында бұл көрсеткіш 92,2 – ні құраған. Компанияда көрсеткіштер жақсарып келді. Тәуекел дәрежесі жоғары топқа компанияның енуі жұмыскерлер санының күрт төмендеуі (441 ден 2 дейін), 116 жұмыскердің теріс жағдайлармен жұмыстан шығарылуымен негізделген.

Жұмысберуші бұл жағдай келесі факторлардан туындағанын алға тартады:

— кадр қызметкерінің ұзақ уақыт болмауы салдарынан жұмыскерлерді қабылдау, шығарумен байланысты барлық құжаттарды рәсімдеу бір мезетте іске асырылған;

— жыл басында тапсырыстардың болмауынан компания ішінара тоқтап тұрған. Негізгі тапсырыстар ағымдағы жылдың сәуірінен алынған.

Алдағы уақытта көрсеткіштердің жақсаруы күтілуде;

4) ТОО «Asia Trafo» (Азия Трафо)

Талдау бұл компанияны 78,6 көрсеткішпен жоғары тәуекел дәрежесі бар топқа енгізіп отыр. Компанияның бұл топқа енуі жұмыскерлер санының 336 дан 225 төмендеуі, жоғары жалақы алушы 20 жұмыскермен төмен жалақы алушы 20 жұмыскердің орташа жалақысы арасында алшақтық бар (632,5 мың теңге мен 104,3 мың теңге), 23 жұмыскер кредиттердің төлеу мерзімін кешіктіруі негіз болғанын.

Жұмысберушінің мәліметіне сәйкес компания қалыпты жұмыс еістеп отыр, жұмыскерлер санының төмендеуі жұмыскерлердің еншілес компанияларға (ТОО «Трен Ко», ТОО «IMAI») ауысуы себеп болған. Ұжымда еңбек және әлеуметтік жанжалдардың орын алу ықтималдығы жоқ

Алдағы уақытта көрсеткіштердің жақсаруы күтілуде;

5) «Sana Global Group» ЖШС

Компания санитарлық тазалық қызметтерін көрсетіп келген. Талдау бұл компанияда жұмыскерлер санының қысқарғанын тіркеп отыр, жыл басында 100 аса қызметкер жұмыс істеген, қазір 5 – ке түскен. Босаған жұмыскерлер 2023 жылы құрылған Абай және Әл-Фараби аудандарының коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне орналастырылған.

Еңбек инспекциясының бағалауы бойынша еңбек дауларының туындау қаупі жоқ;

6) «Шымкент сыра зауыты» ЖШС

Зерделеу бұл компанияда жұмыскерлер санының қысқарғанын тіркеп отырғанын, жыл басында 454 бірліктен қазіргі уақытқа 368 – ке түскен. Сондай-ақ, басшылардың орташа еңбек ақысымен жұмыскерлердің орташа еңбек ақыларының арасында алшақтық бар (560,3 мың теңге мен 224,7 мың теңге), 34 жұмыскер кредиттердің төлеу мерзімін кешіктіріп отыр;

7) «Шымкентцемент» ЖШС

Бұл компания тәуекел дәрежесі жоғары топқа 66,9 көрсеткішпен еніп отырғанын, алдын бұл көрсеткіш 71,3 құраған. Жоғары тәуекел тобына енуге негіз болған жағдайлардың бірі жұмыскерлер санының 266 бірліктен 243 бірлікке дейін аз ғана өзгеруі, жоғары жалақы алушы 20 жұмыскермен төмен жалақы алушы 20 жұмыскердің орташа жалақысы арасында алшақтық бар (671,6 мың теңге мен 250 мың теңге) және 25 жұмыскер кредиттердің төлеу мерзімін кешіктіріп отыр.

Бұл ауытқулар жұмыскерлердің қалыпты қозғалысы болып табылады.

Еңбек инспекциясының бағалауы бойынша еңбек ұжымында әлеуметтік диалог орналастырылған, еңбек ақылар мөлшері саладағы жоғары еңбек ақылардың бірі болып табылады;

8 ) «Оңтүстік Мұнай Газ» АҚ

Бұл компания тәуекел дәрежесі жоғары топқа 63,7 көрсеткішпен еніп отырғанын. Негізгі себептері:

— жұмыскер санының 336 дан 225 төмендеуі;

— жұмыстан босатылған жұмыскерлер 224 құрады;

— 31 жұмыскер кредиттердің төлеу мерзімін кешіктіріп отыр;

9) «Gold Aluminum (Голд Алюминум)» ЖШС

Бұл компания 63,2 көрсеткішпен жоғары тәуекелі бар топақа еніп отыр.

Бұл келесі жағдайларға байланысты орын алғанын:

— жұмыскер санының 195 дан 139 төмендеуі;

— орташа еңбек ақы қаладағы ең төмендер қатарында 136,3 мың.тенге;

— МКЗЖ 123 тен 97 дейін төмендеген;

— 20 жұмыскер кредиттердің төлеу мерзімін кешіктіріп отыр.

Тәуекелдерді басқару жүйесі анықтаған жоғары тәуекел дәрежесі бар компаниялардың мәселелерін дер кезінде анықтап, оң нәтиже беретін жолдарын тараптармен қарастыру жөнінде өз ойымен бөлісті.

3-ші сұрақ бойынша Б.Қалжанов: қаламызда ұжымдық шарт түзуге мүмкіндігі бар 4 291 заңды тұлға әрекет етіп отырғанын. Осы компаниялардың 41,2% немесе 1 755 қазіргі уақытта ұжымдық шарттар түзгенін. Орталық атқарушы органдар тарапынан жергілікті атқарушы органдар жұмысында ұжымдық шарттарды ірі және орта кәсіпорындар түзуді индикатор ретінде тұрақты мониторинг жүргізілгенін баяндады.

Аталған жұмыстарды аяқтауға әлеуметтік әріптестерді қолдауға шақырды.

Кәсіподақ тарапынан тиісті ұсыныстар берілді.

Отырыс төрағасы Б.Алтеев 2023 жылғы өткен үш жақты комиссия отырыстарында күн тәртібінде көтерілген мәселелер зерделеніп, орындалған орындалмағаны аңықтап, шешілмеген мәселелер келесі комиссия отырысының күн тәртібіне баяндауды ұсынды.