БҮГІН — АСЫЛ МҰРАМЫЗ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ

124

2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабы Ұлттық домбыра күні ретіне тойланып келеді. Бұл күн қазақтың киесі мен қасиетті қазынасына баланған, ұлы даланың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін шертпелі аспабымыздың құндылығын дәріптейтін мереке.

Ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатындағы мереке. Жыл сайын атап өтілетін Домбыра күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі салмақты болмақ.

«Бұл рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы. Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды. Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға. «Өнер ұлт келбеті« дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы қайталанбас асыл дүние», — деді Мемлекет басшысы.

Құрметті шымкенттіктер, рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген асыл мұрамызға, ұлттық символымызға айналған ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз! ретіне тойланып келеді. Бұл күн қазақтың киесі мен қасиетті қазынасына баланған, ұлы даланың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін шертпелі аспабымыздың құндылығын дәріптейтін мереке.

Ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатындағы мереке. Жыл сайын атап өтілетін Домбыра күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі салмақты болмақ.

«Бұл рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы. Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды.

Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға. «Өнер ұлт келбеті« дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы қайталанбас асыл дүние», — деді Мемлекет басшысы.

Құрметті шымкенттіктер, рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген асыл мұрамызға, ұлттық символымызға айналған ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз!

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі