МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТТЕГІ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Ержанұлы Исабеков Жаңа Тұрлан шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылыс жұмысымен танысты.
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасының 34 тармағында белгіленген аталмыш нысанды ағымдағы жылдың соңында қолданысқа беру жоспарланып отыр.
Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектепті салу жоспарланып, бүгінде 12 жайлы мектептің құрылысы жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіне 9 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Қалған мектептер желтоқсан айында халық игілігіне тапсырылады.
-«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында білім саласына айрықша басымдық берілген. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында бой көтеретін білім нысандарының басты ерекшелігі — оның жабдықталуында болмақ. Бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар, трансформер-мобильді парталар, трансформациялау мүмкіндігі бар әмбебап акт залы, балаларға арналған жеке шкафтар, оқу-зертханалық құрылғылар, ауыз су бұрқақтары орнатылып, Wi-Fi және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылу керек. Сонымен қатар, компьютермен жабдықталған физика, химия, биология дәрісханалары мен оқу зертханалары, робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар болады. Осының бәрі өз дәрежесінде орындалуын партия тарапынан бақылауға аламыз, — деді ҚР Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков.
Жол картасының 34 тармағында белгіленген аталмыш нысанды ағымдағы жылдың соңында қолданысқа беру жоспарланып отыр.
Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектепті салу жоспарланып, бүгінде 12 жайлы мектептің құрылысы жүргізілуде.