АРТЫҚ БІЛІМ – КІТАПТА

49

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламенттегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, ақын Қазыбек Иса Шымкент қаласына жұмыс сапармен келді. Жұмыс сапары аясында бірқатар мекемелерді аралап, халықпен кездесу өткізді.

Алғашқы жиын Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Абай атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханасында өтті.
Кітапхана ұжымы және оқырмандармен кездесу барысында, Қазыбек Жарылқасынұлы Оңтүстік өнірі мен Шымкент қаласының бай рухани және тарихи-мәдени мұрасын, салт-дастүрлерін тілге тиек етіп, Президенттің тың бастамалары негізінде атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталды.
Жиында кітапхана қызметкерлері Мәжіліс депутатына қордаланған мәселелерді жеткізді. Олар жалақының аздығын айтып, ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, халық қалаулысының «Кітапханада» атты жинағын кітапхана қызметкерлері бойтұмарындай көретіндіктерін атап өтті.
Мәжіліс депутаты «Асар» шағынауданындағы №90 мектеп ұжымымын де жүздесіп, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.
Жиында Қазыбек Жарылқасынұлы Парламент қабырғасында қабылданған Заңдар, депутаттық сауалдар, «Ақ жол» партиясының бастамасымен жүзеге асқан жобалар, халық игілігі мен ұлт мүддесі жолында атқарылған жұмыстардың барысын баяндады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының саяси реформаларын іске асыру бағытында Үкімет отырыстарында көтерген мәселелері мен шешу жолдарын әңгімелеп, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталды.
– Өңірлерге сапарымды Ұлт ұясы Ұлытаудан бастап, Шымкентте халықпен кездесіп жатырмыз. «Асар» шағынауданындағы мектептің жұмысы көңілден шығып отыр. Елімізде алғаш болып кадет сыныбы ашылыпты. Өте құптарлық бастама. Осы мектепке өзім ұсыныспен шығып, арнайы келіп отырмын. Көтерілген мәселенің бәрі ұлттық идеологияға қатысты. Жалпы Шымкентте көптеген оң өзгерістер бар, – деді Мәжіліс депутаты.
Сондай-ақ мәжіліс депутаттары Шымкент қаласындағы «Достық Үйі» ғимаратының конференц-залында ұлт зиялыларымен, әдебиет-мәдениет, өнер қайраткерлерімен кездесті. Басқосуда «Ұлттық идеология» тақырыбы қозғалып, Қазыбек Иса Парламент Мәжілісі мінберінде көтеріп жүрген мәселелерге, депутаттық сауалдарға, жүзеге асқан жобаларға және атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Жиналған көпшілік бірқатар мәселелерді айтып, ұсыныстарын жетізді. ҚР еңбегі сіңірген әртісі
Сапарбай Өтемісұлы театрларды рухани дамыту керектігін сөзге тиек етіп, әртістердің жалақыларын көбейту қажетілігін айтты. Тіл жанашыры Қабыл Дүйсенбі сот процесінде судьяларды мемлекеттік тілді білуін міндеттеу қажеттігі туралы мәселесін көтерді.
Қазыбек Жарылқасынұлы зиялы қауымның айтқан ұсыныстарын тыңдап, Парламентегі мәжіліс отырысында көтеретіндігін айтты.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Олжас Құспеков Ұлттық ұланның 6506 әскери бөліміне барды. Мәжілісменнің айтуынша, оның бүгінгі жұмыс сапарының негізгі мақсаты осы әскери құрылымның тыныс-тіршілігімен жақы танысу екен.
Депутат әскери қызметшілер мен мерзімді қызмет сарбаздарының тұрмысымен танысты. 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахманов кездесу барысында мәжілісменге жедел бригаданың қызметтік-жауынгерлік қызметі және орындалатын міндеттер туралы айтып, бөлімнің қазіргі жай-күйі және оның даму перспективалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Депутаттың әскерилермен кездесуі барысында армияның құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауына елеулі ықпал ететін бірқатар мәселелер айтылды. Сондай-ақ, осы әскери құрылымның өміріне қатысты мәселелер талқыланды. Халық қалаулысымен казармалық үй-жайлармен және бөлімнің барлық инфрақұрылымымен таныстырды.
– Қала тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінуі үшін бөлімшенің жауынгерлері ауыр әскери қызмет атқарады, мен өзім бұған көз жеткізе алдым. Мен тәртіп сақшылардың күшті және сенімді қолында екенін көрдім. Әскери бөлімнің жабдықталуы мен жауынгерлік дайындығы тиісті деңгейде. Дегенмен, Шымкенттегі кейбір қару-жарақ түрлері кеңес заманынан бері қолданылған, олар тез ауыстыруды қажет етеді. Биыл мен бүкіл ел бойынша 15 әскери бөлімге барып үлгердім және әскерилердің жағдайын жақсы білемін. Біз, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қазақстандық әскерилер мемлекетте басымдыққа ие болуға тиіс деп есептейміз және нық сенімдіміз. Өз тарапымнан биылғы жылы әскерилердің әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі барлық заңдар міндетті түрде қаралатынына сенім білдіргім келеді», – деп атап өтті Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі Олжас Құспеков.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіков Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында №13 қалалық емхана қызметкерлерімен кездесті. Мәжіліс депутаты медицина мекемесінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, қызметкерлердің ұсыныстарын тыңдады. №13 қалалық емханада бүгінде 45 мың тұрғын тіркелген.
Таңсәуле Ғабдыманапұлы медициналық қызметтің сапасын жақсарту бағытында мамандармен әңгімелесіп, ұсыныстарды тыңдады. МӘМС жүйесі, онкологиялық аурулардың алдын-алу, қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі өзекті екенін атап өтті.
– Медицина саласы әрдайым серпілісті, жаңа өзгерістерді қажет етеді. Парламент қабырғасында депутаттық сауалдардың жартысы медицина саласына қатысты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде көтерілген мәселелер шешімін тауып жатыр. Заң шеңберінде қарастырамыз. Жалпы, бүгінде онкологиялық аурулардың алдын алуға, медицина қызметкерлерінің жұмыс сапасына мән беру керек. Мамандардың жұмысқа деген құштарлығы болуы қажет, – деді Мәжіліс депутаты.
Қазіргі таңда емханаға 650 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Кездесуде қызметкерлер ендігі ретте ғимаратқа лифт орнату қажет деген мәселені жеткізді. Сондай-ақ, компьютерлік томография құрылғысы тапшы екені айтылды.
Халық қалаулысы бұл мәселені реттеуді өз бақылауына алатындығын айтты, қамыққан жандардың көңілін серпітіп тастады.

Т.ҚАСЫМОВ
Г.БАЖАҚАЙ