ТҮРКІСТАН: МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

84
Түркістан облысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, өмір сүру сапасын жақсарту және олардың құқықтарын қорғау мақсатында үйлестіру кеңесінің отырысы жыл сайын өтуде.
Бүгінде Түркістан облысы бойынша 98,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам есепте тұр. Бұл көрсеткіш облыс халқының 4,6% — ын құрайды. Оның ішінде 15 мыңы 18 жасқа дейінгі жасөсаірімдер болса, 4,2 мыңы жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.
Өткен жылы үйлестіру кеңесінің екі отырысы өтті. Кеңестегі бірінші отырыста мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шаралар, Мемлекеттік органдардың объектілерін мүгедектігі бар адамдардың кіріп-шығуына ыңғайластыру, әлеуметтік және транспорттық қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмыстары талқыланды.
Сонымен қатар облыста орналасқан барлық шипажайларда мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділікті қалыптастыру көрсетілетін медициналық қызметтердің заңдылығы мен сәйкестігіне санитарлық –эпидемиологиялық жағдайларына жоспардан тыс тексеру жүргізуді ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Кезекті жиында мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаумен оңалтудың жеке бағдарламаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге бюджеттен қажетті қаржыны бөлу шаралары жүргізілді. Сондай-ақ облыста жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға қайтарымсыз грант алған мүгедектігі бар адамдар арасында үздік жобалар байқауы ұйымдастырылды. Үздік жобалар байқауының жеңімпаздарын «Мүгедектігі бар адамдар күні» қарсаңында салтанатты марапаттауды ұйымдастыру мәселелері қаралып, аталған бағыттағы жұмыстар нәтижелі орындалды.Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімінің тапсырмасы аясында қайта жаңартылып, биыл дербес құрамы қайта бекітілді. Аталған бағытта жұмыстар жалғасатын болады.