ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ҚАРҚЫНДЫ КӨРСЕТІЛІП КЕЛЕДІ
Облыс көлемінде мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, арнайы оңалту орталықтары мен қажетті құрал-жабдықтар қарастырылған. Сонымен қатар бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөлініп отыр.
Атап айтқанда, арнайы протездік-ортопедиялық құралдар, сурдотехникалық, тифлотехникалық жабдықтар мен қоларбалар, санаторийлік-курорттық емдеу орталықтары мен арнайы ымдау тілі мамандары қызмет көрсетеді. Бүгінде порталда 21 ымдау тілі маманы, 19 жеке көмекшінің қызметін көрсету, 146 оңалту техникалық құралдары және 57 санаторий-курорттық емдеу ұйымдары қызметі қарқынды жүргізілуде. Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері 98 708 мүгедектігі бар азамат тіркелген. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдаймен 6 875 мұқтаж азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.
«AMANAT» партиясының 2023-2024 жылғы «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасының 26 тармағын орындау жөніндегі жол картасына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар жандар қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында, әлеуметтік инфрақұрылымның облыс көлемінде 667 нысан анықталды. Бүгінгі таңда нысандар тізімі аудан, қала әкімдерінің мүгедектігі бар адамдардың ісі жөніндегі кеңесшілерінің келісімімен аудан, қала әкімдерімен бекітілді. Аталған нысандар арасында білім және денсаулық басқармасына қарасты 235 мемлекеттік нысан, 148 білім беру нысаны, 87 денсаулық сақтау нысаны бар.
Сонымен қатар қолжетімді орта құру мақсатында әкімдіктер жанынан 17 аудан, қалада осы салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарының жетекшілігімен жұмысшы топтар құрылды. Ал құрамына мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері мен «Amanat» партиясының аудан, қалалық филиалдарының өкілдері де енгізілген. Мүгедектігі бар адамдар мен қимыл-қозғалысы шектеулі топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, осы бағытта арнайы жұмысшы топ құрылып, өз деңгейінде қызмет көрсетіп келеді.