Қазығұрттық ерекше жандар қайтарымсыз грант алып, кәсіп ашқан
Қазығұрт ауданында 2024 жылдың 5 айында «Е-Собес» ААЖ-не мұқтаж мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен және әлеуметтік қыметтермен қамтамасыз ету үшін 2814 өтініш түсіп, оның 2049-ы орындалған, яғни 72,8%-ды құрады. Сонымен қатар, биылғы жылы 93 адам қайтарымсыз грант алу жоспарланса, 1 лек бойынша 43 адам грант иегері атанды. Оның ішінде мүгедектігі бар 6 адам бар. Олар аудандағы Қызылқия ауыл округінен Аскер Мақсат екінші топ мүгедегі бар адам шлакоблок өндірісін ашу бойынша грант алған. Сонымен қатар, Қызылқия ауыл округінен Оразбаев Бердан екінші топ мүгедегі бар адам құлпынай өсіру ісін қолға алған. Бұдан бөлек, Жаңабазар ауыл округінен Кыбраев Ерболат екінші топ мүгедегі бар адам жоғары сапалы құрама жем өндірісін ашуды қолға алса, Қазығұрт елді мекені Акмурзаев Азилхан үшінші топ мүгедегі бар адам экологиялық таза табиғи қоспасыз өнімдер дүңгіршегін ашуға бел буған.
Бұдан бөлек, Қазығұрт елді мекені Изтилеуова Жанар мүгедек балаға күтім жасайтын адам самса мен нанөнімдерін өндіретін цех ашуды көздеген. Сонымен қатар, Қазығұрт елді мекені Сахов Бекзат үшінші топ мүгедегі бар адам пластикалық терезелерді өндіру жөніндегі цехты құруды қолға алған.Жалпы ауданда 2024 жылдың 6 айында «Е-Собес» ААЖ-не мұқтаж мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен және әлеуметтік қыметтермен қамтамасыз ету үшін 2814 өтініш түсіп, оның 2049 -і орындалған, яғни 72,8%-ды құраған.
Жалпы елімізде мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелерін шешу мақсатында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Оның басты міндеті – мемлекет пен қоғам арасында диалог алаңын құру, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу. Мемлекет басшысы 2023 жылғы 7 маусымда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы Заңға қол қойды. Факультативтік хаттаманы қабылдау – БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің Қазақстан азаматтарының жеке өтініштерін қарау құзыретін мойындау.