Қазығұрт ауданындағы мүгедектігі бар адамдар міндетті гигиеналық және қосымша техникалық құралдармен  қамтамасыз етілген

56

Қазығұрт ауданындағы мүгедектігі бар адамдар міндетті гигиеналық және қосымша техникалық құралдармен  қамтамасыз  ету үшін 2024 жылға қаржы қаралып, 503 адам  қамтамасыз етілді. Одан бөлек, 9 мұқтаж мүгедектігі бар адамдар сурдо, 19 адам тифло, 132 адам протез-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, үйде оқытылып тәрбиеленетін 76 мүгедектігі бар балалардың ата-анасына 2024 жылдың 6 айында қаржы төленді. Бұдан бөлек, 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және үйде әлеуметтік күтімге алынған 80 балаға бір жолғы материалдық көмек көрсетілген.

Ауданда 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 29 аз қамтамасыз етілген отбасыға, мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 8 адамға, бірінші топтағы мүгедегтігі бар адам санаторлық куроттық емдеу кезінде жанында еріп жүрген 3 адамға және өрт салдарынан зардап шеккен 1 отбасыға бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді.

Бүгінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдау, әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Мүгедектігі бар адамдардың көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмек, сурдо-тифлотехникалық құралдар, кресло-арбалар, санаторлық-курорттық емдеу, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді және кедергісіз орта құру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.