Қазығұрт ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарға тиісті көмек көрсетілуде
Қазығұрт ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарға тиісті көмек көрсетілген. Ағымдағы жылдың 6 айында мүгедектігі бар адамның жеке оңалту бағдарламасына сай 81 мүгедек 81 жеке көмекші маманымен, естімейтіндігі бойынша 41 мылқау мүгедек 10 ымдау тілі маманымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 1 топтағы қол арбаны пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарға «Инватакси» қызметімен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен қаржы қаралып, 6 айында 28 мүгедектігі бар адамға «Инватакси» қызметі көрсетілуде. Одан бөлек, қоларбаны пайдаланбайтын жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды «Әлеуметтік такси» қызметімен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен қаржы қаралып, 68 мүгедектігі бар адамға «Әлеуметтік такси» қызметі көрсетілуде.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамның жеке оңалту бағдарламасына сай қоларба алуға аудандық бюджеттен қаржы қаралып, 47 қол арбамен қамтамасыз етілді. 563 мүгедектігі бар адамға сауықтыру орнына, 485 мүгедектігі бар адамдар портал арқылы жіберіледі. Одан бөлек, мүгедектігі бар адамның жеке оңалту бағдарламасына сәйкес денсаулығын оңалту үшін 28 мүгедектігі бар адам Шымкент қаласындағы оңалту орталығына жолданған.
Қазан айының екінші жексенбісі елімізде Мүгедектігі бар адамдар күні болып белгіленген. Республикада ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады. Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қолдауы мен өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстанда тұратын мүгедектігі бар 719,3 мың адамның 422,5 мыңы еңбекке қабілетті жастағы (58,7%), 189,9 мыңы зейнеткерлік жастағы (26,4%) азаматтар болса, 106,9 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (14,9%) болып табылады.