Сарығаштаға әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында белсенді қызмет көрсетілуде

65

Сарыағаш ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың басынан бастаа мүмкіндігі шектеулі ерекше жандардың жалпы тіргелгендер саны – 57 құрайды. Онда мүмкіндігі шектеулі 1,2-топтағы  азаматтар мен азаматшалар қабылданды. Оның ішінде 28-әйел мен 29-ер адам. Орталыққа күнделікті 1-ауысымда 8-адам, 2-ауысымда 6-адам мүмкіндігі шектеулі азамат пен азаматшаларға белсенді қатысып, қызмет көрсетілуде.

Негізінен заңнамаға сәйкес, мүгедектік тобы жеті жастан бастап белгіленеді. Мүгедектігі бар адам деп танылған және еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде әлеуметтік қорғау шараларының себептері, мерзімдері, қажеттіліктері айқындалады, сондай-ақ мүгедектігі бар адамды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктері әзірленеді. Оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін техникалық көмекші  құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектің қажеттіліктерін бағалауға сәйкес мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді.  Оңалту іс-шараларының кешені әдетте ағзаның бұзылған және  жоғалған функцияларын қалпына келтіруге және  өтеуге бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалту шараларын қамтиды. Оңалту бағдарламасында мүгедектігі бар адамға қажет техникалық көмекші  құралдарды, арнайы жүріп-тұру құралдарын және көрсетілетін қызметтерді пайдалану да көзделеді.

Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында мүгедектігі бар адамдар үшін паспортталған және бейімделген объектілер бойынша деректерді онлайн-режимде енгізуге мүмкіндік беретін «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» бөлімі құрылды. Оның көмегімен мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік инфрақұрылымның белгілі бір объектілерінде оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ақпаратты дербес ала алады.