Мүгедектігі бар азаматтар қызметтер мен құралдарын Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беріп ала-алады

77

Сарыағаш ауданы бойынша 10539 жуық мүгедектігі бар азамат бар. Оның ішінде 1-топ-936, 2-топ-3845, 3-топ-4204. 7 жасқа дейінгі балалар саны 428, 18 жасқа дейінгі балалар саны 1126 адамды құрайды. Оның ішінде 1-топ 159, 2-топ 362, 3-топ 605 мүгедектігі бар балалар бар. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 25 мүгедектігі бар балаларға арналған Сарыағаш ауданында орналасқан «Сарыағаш мүгедек балаларды оңалту орталығы» КММ-і жұмыс істейді. Жалпы аудандағы мүгедектігі бар азаматтарға тағайындалған абилитациялаудың жеке оңалту бағдарламасында тағайындалған іс-шаралар бойынша қызметтері мен құралдармен қамтамасыз етіледі. Мүгедектігі бар азаматтар қызметтер мен құралдарын Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беріп ала-алады. Бұдан бөлек ауданда ерекше жандар 5 инва такси және 10 әлеуметтік такси қызметін алады.

Мұның бәрі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға төзімді қоғам құру, елдің осы саладағы халықаралық стандарттарды сақтауы жөніндегі мемлекеттік жүйені жетілдіруге ықпал етеді. Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, оның ішінде оңалту, қоғамға ықпалдасу,  әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету,  білім беру, қызмет түрін, оның ішінде еңбек түрін еркін таңдау бар. Одан бөлек, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу,  кәсіптік даярлау және қайта даярлау, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмысқа орналастыру және Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй алу, мемлекеттік және өзге де ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсету және мүгедектігі бар адамдардың шығармашылық қабілеттерін қолдау түрінде әлеуметтік қолдаулар көрсетіледі.