Шымкент ХҚКО-лары арқылы жеті айда 112 мың паспорт пен жеке куәлік берілді

263

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы төлқұжат пен жеке куәлікті ыңғайлы әрі жылдам жолмен қалай өтініш беріп, тек ХҚКО арқылы рәсімдеу керектігін айтып берді. Сондай-ақ, жеке куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған клиенттердің жеңілдетілген санаты бар екенін еске салды. 2022 жылдың жеті айында шымкенттіктерге 112 565 жеке куәлік пен паспорт берілді.

Паспорт алу

Паспорт пен жеке куәлікті алу қызметі әлі онлайн режимінде қолжетімді болмай тұр. Бұл құжаттарды рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет.Десе де, қызмет эксаумақтылық қағидаты бойынша көрсетіледі – өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызға қарамастан кез келген ХҚКО-ға бара аласыз.                                                                                                                               ХҚКО-ларда жеке куәлік пен паспортты ресімдеу бойынша операцияны көші-қон қызметікөрсетеді.                                                                                                      Егер төлқұжат алу үшін бірінші рет келіп тұрсаңыз, сізге тек жеке куәлік қажет болады. Егер сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды.                                                     Төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 8 АЕК (2022 жылдың 1 қаңтарында белгіленген АЕК) немесе24 504 теңге. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі –  15 жұмыс күні. Алайда, Шымкенттік  тұрғындар қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге және үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқарта алады:

1 жеделділік санаты – 1 жұмыс күніне дейін — 4 983 теңге;

2 жеделділік санаты– 3 жұмыс күніне дейін-2 752 теңге.

Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін ұсынып, баж салығын төлеу қажет. Қызметке өтініщ білдіру үшін баланың ата-анасының бірі келуі міндетті.

 

Жеке куәлік алу

ҚР азаматтары жеке куәлікті 16 жасқа толған кезде алады. Осы жасқа жеткен кезде құжатты бір ай ішінде рәсімдеу керек, әйтпесе 7 АЕК немесе 21 441 теңге айыппұл төлеу керек болады. Сонымен қатар, егер мерзімі аяқталған жеке куәлік бір ай ішінде жаңартылмаса, дәл осы мөлшердегі айыппұл қарастырылған.Егер айыппұлды бір апта ішінде төлейтін болсаңыз, онда сомма 50 пайызға төмендейді.Егер сізде паспорт бар болса, жеке куәлікті рәсімдеу үшін оны да өзіңізбен бірге алып келу керек.                                              Бұл ретте жеке куәлік үшін мемлекеттік баж 0,2 АЕК немесе 613 теңге болады. Қызметті төлқұжатпен бірдей әдіс бойынша жеделдетуге болады. Сонымен қатар, жеке куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған клиенттердің жеңілдетілген санаты бар екенін ескертеміз. Олар:

  • ҰОС ардагерлеріжәнеоларғатеңестірілгентұлғалар;
  • Кеңесодағының батырларыжәнеСоциалистікеңбекерлері;
  • барлықтоптағымүгедектер, сондай-ақ бала кезіненмүгедек болған клиенттіңата-анасыныңбірі;
  • қарттар мен мүгедектергеарналғанмекемелердетұратынегде жастағы адамдар;
  • жетімбалаларжәнебалаларүйлерінденемесеинтернаттардатұратыната-анасыныңқамқорлығынсызқалғанбалалар;
  • «Батыр Ана»атағы бар, «Алтын алқа» және «Күмісалқа» төсбелгілеріменнаградталғанкөпбалалыаналар;
  • Чернобыль апатыныңсалдарынанзардапшеккеназаматтар.