ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

806

 

Бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Салт-дәстүрдің саңлағы һәм ұлт ұстазы» атты А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған республикалық жас ақындар айтысы өтті. Жыр додасында еліміздің облыс, қала аймақтарынан 10 айтыскер бақ сынасты.

Айтысқа елімізге танымал ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, қазылар алқасының төрағасы Бекарыс Шойбеков, «Парасат» орденінің, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР еңбегі сіңген қызметкер, жазушы ақын Ханбибі Есенқарақызы, Филология ғылымдарының кандидаты, ОҚМПУ-нің доценті МамытАмангелді Алтыбайұлы қазылық етті.

Орталық директоры Бахтияр Әбілұлы өнерлі жастарға сәттілік тілеп бастады. Халықаралық, Республикалық, ақындар айтысының жеңімпазы, айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов жүргізген бұл айтыс аса тартысты өтті.

От ауызды, орақ тілді ақындар Алаш арысы, ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының ұлт руханиятындағы орнын жырларына арқау етті.

Көркем де салмақты, ойлы, орамды жыр үлгісімен өрілген ғалым қайраткердің қиын тағдыры көрермен көңілін толқытты.

Қорытындыда І ОРЫНДЫ Шымкенттік Сапархан Аллажар иеленсе (150 мың теңге). Сарыағаш ауданынан келген Құлахмет Елсиярға жүлделі екінші орын бұйырды (120 мың теңге). Үшінші орынға Отырарлық Ахметрасул Баянбай лайық деп танылды (70 мың теңге). А.Байтұрсынов атындағы арнайы жүлде Нұр-Сұлтаннан келген Аян Ниязбектің қанжығасына байланды (50 мың теңге).

«Салт-дәстүрдің саңлағы һәм ұлт ұстазы» атты А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған республикалық жас ақындар айтысы өтті. Жыр додасында еліміздің облыс, қала аймақтарынан 10 айтыскер бақ сынасты.

Барлық ақындарға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Мерейтой иесіне жиналған қауым Балалар кітапханасы құрған «Ұлы даланың дара ұстазы» атты кітап көрмесінен ағартушы ғалымның еңбектерін оқып, танысты. Орталық қызметкерлері мен ақындарға зор құрмет білдіріп, қошеметтерін аямады.