АУЫЛДАСЫНЫҢ КӨЛІГІН ЗАҢСЫЗ ӨРТЕП ЖІБЕРГЕН ЕР АДАМ АНЫҚТАЛДЫ
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ауылдасы күндізгі уақытта үйінің алдында тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлігін заңсыз айдап кетіп, артынан өртеп жіберген. Келтірілген шығын көлемі 1.500 000 теңге.
Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-ның 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқықтыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшылары болған оқиғаны «ізін суытпай» ашу мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, жеткізілді.
Белгілі болғандай, күдікке ілінген ер адам жәбірленушімен бұрын араздасып қалғаны есіне түсіп, мас халде оның автокөлігін ұрлап кетіп, зақым келтірген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.