Келес ауданында мүгедектігі бар азаматтар бойынша тиісті әлеуметтік қызметтер көрсетілуде

58

Бүгінде Келес ауданында мүгедектігі бар азаматтар бойынша әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ауданымыздың  мүгедектігі бар азаматтарына әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмек, әлеуметтік қызмет алу және жұмысқа орналастыру қызметтері бойынша көмектер көрсетіледі.

Келес ауданы бойынша «Даму» мүгедектер қоры қоғамдық бірлестігінде яғни күндізгі қатынау жартылай стационарлық орталықта 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневралогиялық ауытқуы бар тірек-қимыл аппараты бұзылған 60-балаға күнделікті жұмыс күнінде сағат 9.00-18.00 дейін қызмет көрсетілуде. Орталықта 4-мезгіл ыстық тамақ массаж, лфк, психолог, логопед, дефектолог дене шынықтырушы, тәрбиешілер, әлеуметтік қызмет түрлері, көрсетілуде. тірек-қимыл аппараты бұзылған, синдром дауна, аутист, психо-неврологиялық диагнозда тіркелген ерекше балаларға қызмет көрсетіліп жатыр. Орталықта көрсетіліп жатқан қызметтер оң нәтижелерін беріп, көптеген ерекше балалардың  оңалуына себепкер болып келеді. Атап айтқанда осы уақытқа дейін қызмет алған 8-қызмет алушы жалпы білім беретін мектепке ауысты, 17-тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар аяққа тұрып жүре бастады, 14-тілінде мүгедектігі бар қызмет алушының сөйлеу жүйесі қалыпқа келіп 9-қызмет алушының  диагнозы жеңілдетілген диагноздармен ауысты. Көзі нашар көретін жандарға брайль әдісімен оқытылатын кітаптар ұсынылған. Сонымен қатар, қазіргі таңда орталықта 68 мүгедектігі бар азаматтар тіркеліп қызмет алуда.

Ал, Қариялар бойынша 2024 жыл 6 айында жалпы орталықта 284 зейнеткер қызмет алушы ретінде тіркелді. Оның ішінде ер адамдар — 140, әйел адамдар – 144.  Күніне жалпы 50 зейнеткерге қызмет көрсету кестесі бекітілген. Зейнеткерлер күнделікті белгіленген кесте бойынша емдік шараларын қабылдап, қызмет алуда. Аудан тұрғындарына әлеуметтік сала бойынша қолжетімді қызметтерді уақытылы көрсету және әрі қарай жетілдіру мақсатында тиісті жұмыстар ұдайы бақылауға алынып жүргізілетін болады.