Келесте биыл 320 мүгедектігі бар азамат гигиеналық құралдармен қамтылды

74

Келес  ауданы бойынша жалпы 2024 жылда 3305 мүгедекігі бар адамдардың саны тіркеліп, соның ішінде 1-топ 323,  2-топ 1238, 3-топ 1040 және  16 жасқа дейінгі -704  мүгедек балалар бар.  Соның ішінде 7 жасқа дейін 220 бала бар болса,  7-16 жасқа дейін 484 бала бар. Биыл аудан бойынша міндетті гигиеналық құралдарына 320 мүгедектігі бар азаматар 1100  aleumet.kz порталы арқылы гигиеналық құралдармен қамтылды. Сонымен қатар, ауданда санаторлық курорттық мекемелерде ем алуға 566 мүгедектігі бар азаматтар aleumet.kz портал арқылы сауықтыру орындарына жолданды. Одан бөлек, құлағы естімейтін сурдотехникалық құралдарын есту аппараттарын алуға – 21 мүгедектігі бар азамат 55 құралдармен қамтылды. Көзі көрмейтін тифлотехникалық құралдарын алуға –31 мүгедектігі бар азаматтар 66  құралдармен қамтылды. Тірек қимылы бұзылған протез-ортопедиялық құралдарын алуға aleumet.kz порталы арқылы 170 мүгедектігі бар азаматтар 378 құралдарымен қамтылды. Тірек қимылы бұзылған кресло араба алуға жыл басынан 48 мүгедектігі бар азаматтар 95  кресло арабамен қамтылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік және инва такси қызметін алуға мүгедектігі бар, жүріп тұруы қиын І-ІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, емдеу сауықтыру мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін 157 азаматтардан өтініш тіркеліп толығымен 100 % қызметтерін алуда. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға 175 өтініш негізінде 5 айлық есептік көрсеткіштен (17250 теңге) балалардың оқуға арналған құрал саймандарына қаржы аударылып  толенуде. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектігі бар ымдау тілі маманының қызметтерін алуға жеке көмекші қызметін алуға 2 мүгедектігі бар азаматтар өтініштер қабылданып, ымдау тілі қызметіне 72 мүгедектігі бар азаматтардан  өтініштер, қабылданып қызметтерін толығымен алуда. Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 80 және 80 жастан асқан жалғызілікті 5 қарттарымызға ай сайын 10 айлық есептік (36920) теңге көрсеткіш мөлшерінде қаражат төленіп келенді. Емдік шаралары аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен ауыратын науқастарға 15 АЕК –тен (55380 мың теңге ) аурухананың тізіміне сәйкес ай сайын 30 азаматқа төленіп келеді.