Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге міндеттеме алды

51

Бүгінде елімізде мүгедектігі бар азаматтар саны 700 мыңнан асты. Оның 59%-ы еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, 14,7%-ы балалар. Осы және өзге де ақпараттарды Түркістан облысының тұрғындарының назарына ұсынамыз.

Бұл санаттағы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды қоғамға қайта реинтеграция жасау – Үкіметтің күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Факультативтік хаттаманы ратификациялау кезінде елдер БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің Конвенция бойынша олардың құқықтары бұзылды деп мәлімдейтін жеке тұлғалардың немесе топтардың шағымдарын қарау құзыретін тануға келіседі», – деп баяндады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Қазақстан «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенцияға және оған қатысты Факультативтік хаттамаға 2008 жылғы желтоқсанда қол қойып, 2015 жылы Конвенцияны ратификациялағаны белгілі. Осылайша, Қазақстан халықаралық стандарттарға сәйкес мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге міндеттеме алды.

Министр хабарлағандай осы жылдар ішінде аталған санаттағы азаматтардың құқықтарына қатысты заңдарға өзгерістер енгізілді, ҚР-да 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар қабылданды. Бүгінгі күні оны іске асырудың 1-ші кезеңі аяқталып, 2019 жылдан бастап 2-ші кезеңнің іс-шаралары іске асырылуда.

Баяндау барысында Тамара Дүйсенова жүргізілген іс-шаралардың негізгілеріне тоқтала кетті.

«Мүгедектікті белгілеу рәсімі «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін проактивті форматқа кезең-кезеңімен көшіріледі, бұл медициналық-әлеуметтік сараптама жұмысының ашықтығын және сыбайлас жемқорлықты жоюды қамтамасыз етеді», – деді министрлік басшысы.

Сондай-ақ, министр мүгедектік топтарын және балаларға арналған жәрдемақы мөлшерін саралау туралы айтты. Бұрын аурудың түріне және сауықтыру әлеуетіне қарамастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар барлық балаларға бірдей «мүгедек бала» мәртебесі беріліп, сол жәрдемақы тағайындалған.