СӘУЛЕТІ ДЕ, САЛТАНАТЫ ДА САЙ

263

Ұлы Жібек жолында жайғасып, ежелден қазақтың ордасы болған, бабалар мұрасы Түркістанды дамытудағы мақсат – оның түркітілдес халықтар арасында еңсесін көтеріп, беделін арттыру. Қанша хан мен сұлтанның мәңгілік мекен тапқан орыны жаһандық дамудан құр қалмауы әбден орынды іс.

Түркістан шаһарын дамыту Қазақстанның туризм саласына айтарлықтай үлес қосқанын уақыт көрсетіп бақты. Қазіргі уақытта әлемдік ғалымдар назарын тек тарихи жәдігерлермен және мол мұраны бүлдірмей сақтай алумен таң қалдыруға болады десек, артық айтпаймыз.

Киелі шаһардың ғана емес, тұтас елдің мақтанышы әрі маңызды брендтерінің бірі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Осындай тарихи кешеннің рухани-мәдени, тарихи салмағын арттыра түсіп, дәріптеу жұмыстарымен қажетті деңгейінде айналысу да өз нәтижесін беруде.

Елбасының тұжырымдамасына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №793 қаулысымен Түркістан қаласының бас жоспары бекітілді. Осы бас жоспар еншісіне 22370 гектар жер телімі кіреді. Оған қала аумағының ішкі бөлігінде орналасқан тұрғын үйлер, кәсіпкерлік, әлеуметтік және басқа да көптеген нысандар көлік инфрақұрылымының қызыл сызығына енген. Көп қабаттан тұратын көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағына орналасқан. Осыған байланысты, Түркістан қаласы аумағының функционалдық аймақтарын салудың қала құрылыстық регламенті бекітілді. Бұл қала құрылыстық регламенті көп қабаттан тұратын көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағына еніп орналасқан нысандарға құжаттарды заңдастыруға мүмкіндікті қарастырды. Одан бөлек жер телімдерін заңдастыру барысында оң қорытындысы берілетін болады.

Сонымен бірге, бас жоспарда қарастырылған қызыл сызықтарды қазіргі қалыпқа өзгерте отырып, тұрғын үй аумақтарында қарастырылған жасыл аумақ саябақтарға өзгерістер енгізіле отырып бекітілді. Осыған байланысты, қала әкімдігі қала аумағындағы жер телімдерін заңдастыру барысында кедергілер болмайтындығын ескертеді.

Үкімет қаулысымен бекітілген Бас жоспар негізінде қала аумағында жұмыс жалғасуда. Қала құрылысы құжаттамасы болғандықтан ол әртүрлі сатыдағы құжаттамалармен толығады. Алдымен қаланың бас жоспары әзірленсе, одан кейін қаланың егжей-тегжейлі жоспары жүзеге асырылды. Ол әрбір аумаққа, әрбір тұрғын алабына нақты салынуға тиісті инженерлік құрылыс нысандары, техникалық экономикалық көрсеткіштері бәрі сарапталып, егжей-тегжейлі көрсетілетін болады. Сондықтан жаңа бас жоспар бекітілген сәттен бастап, қала аумағында тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық-іскерлік, өндірістік, өзге де режимдік аймақтарға бөлінді. Орталық саябақтарға берілді. Осы бас жоспарға сәйкес қалақұрылыс регламенті бекітілді. Бүгінгі таңда бұл құжат қолданысқа беріліп, заңды күшіне енді. Қалақұрылыс регламентінде бас жоспарда қарастырылған мәселелер қарастырылған. Кейбір тұрғын үйлерді орналастыруға шектеу қойылған болса, регламентте осының бәрін нақтыланып, егжей-тегжейлі көрсетіледі. Әрбір тұрғын алқапта қанша екені көрсетіледі. Бұрын бас жоспар бүкіл қала бойынша жасалды. Бұрынғы жоспарда тұрғын аумағында қандай нысандарды салу, салмау туралы көрсетілсе, қазіргі бекітілген қалақұрылыс регламентінде барлық сауда алаңдары 200 шаршы метрге дейінгі дүкендер, үй жайлық тұрғын құрылысы, блокты тұрғын үйлер, мәдени-әлеуметтік нысандар, көлік құралдарына қызмет көрсететін ғимараттары түгел белгіленеді. Мәселен, тұрғын үй алқабы болғандықтан кейбірі үйінен дүкен ашады. Бұрын регламент болмаған кезде жасалған, содан мәселе туындайды. Қаладағы жер комитетінде бас тарту деген мәселелер көп қаралды. Бұл мәселелерді қала әкімдігі түбегейлі шешіп отыр.

Қазіргі кезде қала тұрғындарының бірқатары бас жоспардың жариялы жүргізілмеуіне байланысты «қызыл сызықта емеспіз бе, тұрғын үйімізді мемлекеттік мұқтаждыққа мәжбүрлеп алып қоймай ма?» деген үреймен үй маңын абаттандыру, күрделі жөндеу, қосымша ғимараттар салу жұмыстарын бастай алмай отырғанын жеткізген. Бұл мәселеге де әкімдік тарапынан тиісті жауап берілді.

Қазіргі таңда қала аумағында тұрғындарды қатты толғандырып жүрген мәселе – қала құрылыстық құжаттама бекітілгеннен кейін қызыл сызық мәселесі. Негізі, Түркістан қаласының бас жоспарының аумағы 22370 гектарды құрайды. Бұл жаңа шекаралық белгі. Бұл бас жоспар бекітілген кезде, нақты жоспар әзірленбеген. Соған байланысты, бас жоспар негізінде қала аумағының 10189,6 гектар жер теліміне жаңадан нақты жоспарлау жобасы Бекзат, Шавғар, Сауран, Бірлік, Яссы, Отырар тұрғын алқаптарында әзірленді. Бұл өз кезегінде қала аумағына қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеуі жөніндегі тәртіпті белгілейді. Барлығын түбегейлі шешеді. Бас жоспар бойынша еленбеген қызыл сызықтардың бәрі егжей-тегжейлі жобасында түзетілді. Нақтыланды. Кейбір азаматтардың үйі қызыл сызыққа түсіп, бүгінгі таңға дейін, қала құрылысы құжаттандыру барысында қорытынды ала-алмай қалған мәселелері болса, мұның барлығы бүгінгі таңда шешімін тапты. Қаладағы кез келген құрылыс нысаны қалалық құжаттамаға сәйкес, сәулет құрылыс бөлімінің рұқсатымен салынуы тиіс. Ол коммерциялық нысан бола ма, ойын-сауық ғимараттары бола ма, жай тұрғын үй болсын қала құрылыс құжаттамасына сәйкес болуы керек. Сондықтан да қазіргі таңда қызыл сызыққа, функционалды аумаққа кіріп кеткен тұрғын алқаптары бойынша да, шешімін тапты. Негізі қалақұрылыс құжаттамасы бойынша болашақта салынатын жолдар бар. Оны бас жоспардан алып тастау мүмкін емес. Сондықтан да біз алдағы уақытта қаланың басты артериясы болатын үлкен көшелердің қызыл сызығын қалдырдық. Дегенмен, тұрғын алқаптардағы қызыл сызықтардың барлығы заңдастырылды. Бұл мәселені 100 пайыз шешпесе де, басым бөлігі оң қорытындысын алатын болады. Өйткені, бұрынғы бас жоспар тұжырымдамасына сәйкес, жалпы үйлердің бір қабатын алып кететін болса, қиындық туады. Сондықтан егжей-тегжейлі жобада бұл шамалы кеңейтіліп, қызыл сызықтан алыстау етіп орналастырылған. Қалақұрылыс құжаттамасына сәйкес саябақ, қорғау аймақтары дейтін түсінік бар. Әрбір инженерлік құрылымдардың қорғау аймағы болады. Мәселен, электр желілері, сорғы станциялары, электр станциялары болсын олардың адамның денсаулығына зиян келтірмейтін қорғау аймағы бар. Осылардың барлығы қалақұрылыс құжаттарында көрсетіледі. Оның сыртында қала ішінде бұрын қолданыста болған қазір ескірген мазарлар бар. Әрбір мазардың сыртынан 300 метрге дейін санитарлық қорғау аймағы бар. Көп қалаларда мұны білмегендіктен құрылыс салып тастағандары жиі кездеседі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрғындардың тарапынан өтініштер түсуіне байланысты нақты нәтижесін көрсететін болады дейді сала мамандары. Өйткені, қала әкімі тарапынан құжаттардың бәріне рұқсат беру барысында осы бекітілген құжаттарды басшылыққа алынуы қатаң бақылануда.

Қаланың аумағы 22 мың гектар болғандықтан ондағы әрбір ғимаратқа тізім жасақтау мүмкін емес. Үйі маңына құрылыс жүргізгісі келетін тұрғындар немесе қалақұрылысы құжаттамасына қатысты мәселелер бойынша сәулет және қала құрылысы бөліміне келіп шешуіне болады. Себебі, әрбір адамның мәселесі жеке дара қаралады. Кейбір жаңадан көтерілетін нысандарды жоспарлап отырғандар қалақұрылысы құжаттамасын қатаң сақтауы тиіс. Ол заңда айқындалған. Ал, бас жоспар бекітілгенге дейінгі салынған құрылыс нысандары бойынша мәселе қазіргі таңда көтерілмейді. Себебі, қалақұрылас құжаттамасына дейін олар заңдастырылған. Жолды кеңейтуді жоспарланса тиесілі құжаттары бар азаматтармен ақылдаса отырып, мемлекет мұқтаждығына қажетті жерлерді ресімдеудің мүмкіндігі қарастырылуда. Мұндай жағдайда ешкімнің шығынға ұшырамауы қарастырылған. Қала әкімдігі тарапынан өмір өзгеріп отырғандықтан соған сәйкестенеді. Мәселен, Түркістан туризм қаласы болғандықтан туризм, жеңіл өнеркәсіп дамыған болса, қазіргі заманауи технологияға ұласуы тиіс. Экономикалық үдерістерге сәйкес болашақта қала мүлдем басқа бағытта дамуы да мүмкін. Соған орай бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарға үнемі өзгерістер мен толықтырулар қосылып отырады. Бұл өмірдің талабы. Әрбір қала тұрғыны осы бас жоспарға, құрылыс құжаттамасына байланысты кез-келген уақытта ақпарат ала алады.

Құжаттандыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жол бермес үшін,

Әкімдіктің бүкіл бөлімдерінің құжаттары «Халықтық кеңсе» арқылы қабылданады. Құжат қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сәулет және қала құрылысы бөлімі жанынан ашық интернет ресурстарында портал әзірленіп жатыр. Ол жерден кез-келген қала тұрғыны мен қалаға келген қонақтар өздеріне қажетті ақпараттарды алу үшін қалақұрылысы құжаттары, инженерлік нүктелерге қосылу үшін де мәліметтер ала алады. Бас жоспардың барлық нұсқасы қала әкімдігінің интернет ресурсында тұрақты жарияланып отырады. Кез-келген адамға қолжетімді. Қазіргі таңда облыстық басқармада да осындай интернет ресурс бар. Онда бас жоспар, егжей-тегжейлі жоспар, ғарыштан түсірілген фото түсірілімдер жаңартылып отырады.