КӨК ТҰМАННАН АРЫЛҒАН ТҮРКІСТАН

214

Табиғи газ жүйесі қоршаған ортаны жақ­сартуға ғана емес, сонымен қатар жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Көмірді қайда сақтау керегін, оның сапасын уайымдаудың қажеті жоқ. Адамдар көмірқышқыл газымен уланған жағдайлар болды. Осы мәселелердің барлығы шешімін табады.

Түркістандықтардың еңірегенде етегі толып, күрсінгенде күн күркірететін мәселелерінің бірі болған табиғи газбен қамтылу ісі жүйеленіп, жоспарлы жүзгеге асты. Қалың елдің басым көпшілігі отын жағып, түтін будақтатудан арылып, көгілдір отырн игілігін көре бастады.

Соңғы деректерге қарағанда, жалпы тұрғын үйлер бойынша 91 пайызы табиғи газға қосылып отыр. Біздемәселетуғызыпотырған бос алқаптарғаорнатылғантабиғи газ қондырғылары. Қаланыңжалпыжобасы 52 мың абонентке арналыпсызылған. Алайда, газдыжүргізубарысындаТұран, Бекзат, Яссы мөлтекаудандарындажәнеқаланыңшеткіжаңатұрғыналқаптарындақазіргітаңдаәліүйсалынбаған бос алқаптаркөп болып тұр. Жоспарбойынша осы жерлердіңбарлығынатабиғи газ қондырғысыжеткізілген. Шкафтарорнатылған. Бос игерілмегенжерлер,үйініңқұжаттарынзаңдастырмағаннемесеүйініңішкіжылужүйесіжоқүйлерғана қамту пайызына енбей отырғанын мәлімдейді жауапты мамандар.

Қалатабиғи газ бойыншамагистральдықжелісіменүйлергежеткізунүктелеріментолықтайқамтылған. Алайда, әрбірүйгеабоненттерөздерініңқаржысыесебіненкіргізіпалады. Оны арнайылицензиясы бар мекемелержүргізеді. Осы ретте алданып қалмау үшін тұрғындар газ компаниясыменкелісім-шартқатұрғанкездеқырағылықтанытуы аса маңызды. Себебі, қала аумағында табиғи газды құжаттандыруда алаяқтарға алдану деректері ұшырасып, біршама қиындықтар туындатқан. Қала аумағында газдандыру жұмысы жүргізілген кезде, көрші аудандардан, қалалардан келіп жұмыс жасаған мекемелер болған. Оның ішінде ниеті түзулері де, теріс пиғылмен жүргендері де кездескен. Әкімдік тұрғындардың қаржысын жинап әлі күнге дейін міндетін орындамай келе жатқан компаниялардың барын жеткізді. Әрине, олардың үстінен шағым рәсімделіп,  құқық қорғау орындары мен тиісті мекемелерге шара қолдану үшін жолданған. Тұрғындар арасында «Әкімдік неге бақыламайды?»,- деген реніштер туындап жатады. Бұл нарықтық қатынас болғандықтан әкімдік тарапынан табиғи газды үйдің алдына шкафқа дейін апару жүзеге асырылады. Ішкі жүйелерін нарықтағы кез-келген компания жүргізуге құқылы. Осы орайда егер көрсетілгендей қиын жағдайға ұшыраған азаматтар болса, қолдарындағы келісім-шартты мұқият оқып, сондағы міндеттемелердің қатаң орындалуын жеке компаниялардан талап етуге құқылы екенін атап өткеніміз жөн.

Табиғи газ жүргізу барысында бос жерлерге жүргізілген газ қондырғылары мен шкафтарындағы есептегіш құралдарының ұрлануы және оның орталық базарда сату оқиғалары да кездесті. Мұндай жағдай 2021 жылы белең алғанын әлі қалалықтар ұмыта қойған жоқ. Тіпті,бір жыл газ тұтынып, өзінің есептегіш құралын көршісімен алмастырып қойған да жағдайлар кездескен.  Мұндай ұрлықпен бірнеше дерек тіркеліп, полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру барысында ұсталғандары бар. Биыл ұрлық сиреген. Бұл мәселені полиция басқармасының басшысы тікелей өз бақылауына алып, қадағалауды күшейтіп отыр.  Қазіргі таңда кейбір тұрғындар қоныстанбаған бос алқаптардағы құрал жабдықтар жиналып, жылу мекемесінің базасына сақтау үшін жолданған. Әрине, айдаладаиесізтұрғанесептегішқұрал мен жабдықтардыалыпкетугекез-келгенадамныңойыбұзылады. Иесітабылғаналқаптыңиелерінежабдықтар шетіненқайта табысталыпжатыр.