АУДАН ӘКІМІ ӨНДІРІС ОРНЫН АШУҒА НИЕТТІ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде ұдайы айтып, тиісті тапсырмалар беріп отырады. Барлық деңгейде, яғни, орталық аймақтар мен аудан аумақтарында инвесторларға қолайлы жағдай жасап, қолдауды күшейтуді ерекше міндеттеген. Осы ұстанымға орай ауданымызда шетел инвесторларын тарту жүйелі түрде іске асырылуда.
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев «SHYM PLASTIC» ЖШС-нің өкілдерімен кездесті.
Желім (Пластмас) ыдыс-аяқтар шығарумен айналысатын бұл шетелдік инвестор компания құны 1,5 миллиардты құрап, 35 адамды жұмыспен қамтитын жобамен таныстырған еді. Бұл жобаға аудан әкімі қызығушылық танытып, кәсіпкер компанияның жұмыс істеуіне аудан көлемінен 1 гектар жер телімін бөлген болатын. Жоба «Бадам» индустриялық аймағында іске асырылатын болады.
Кездесу барысында жоба бойынша алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар талқыланып, тараптар өзара пікірлесіп, нақты ұсыныстарын айтты. Аудан басшысы жергілікті ерекшеліктерді түсіндіріп, керекті көмек көрсетілетіндігін жеткізді.
Мейлінше қажетті қолдауға ие бұл компанияға жоба құрылысын бастауға толық мүмкіндік бар.
Атап өту қажет, ауданға инсвестиция құйылып, зауыт құрылысы жүргізілсе жергілікті азаматтар жұмыспен қамтылып, кіріс көздері ұлғая түсетіні сөзсіз.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі