ОРДАБАСЫ:  ЖАҢАРУ КҮНІНДЕГІ ЖАҒЫМДЫ ҮРДІС

68

Наурызнама онкүндігінің Жаңару күніне орай, Ордабасы ауданының мемлекеттік қызметшілері мен жергілікті тұрғындары жаңадан салынған спорт кешенінің алдына ағаш көшеттерін егу жұмыстарын жүргізіп, 100 түп арша, 1000 дана қарағаш көшеттерін отырғызды. Одан бөлек, бұл үрдіс ауыл округтерінде де жалғасты. Нәтижесінде іс-шараға қатысушылар жалпы саны 8200 қарағаш пен жеміс ағаштарын екті.

Игі шараға ауыл тұрғындары асқан белсенділікпен, жаппай атсалысты. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, отырғызылған ағаштардың күтімі және ауданымыздың көгалдануы басты назарда болуы қажеттігі түсіндірілді.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі