Түркістанда инклюзивті қоғамды дамытуға басымдық берілмек

57

Түркістан облысында 2,1 млн халық тұрады. Бұл көрсеткіш бойынша алдына ешбір облысты салмайды. Халқы көп өңірде мүгедектер де көп. Олардың саны 100 мыңға жуықтайды. Яғни, елдегі әрбір жетінші мүгедек Түркістан облысын мекендейді деген сөз. Сондықтан облыста инклюзивті қоғамды дамытуға басымдық берілмесе болмайды. Жобаның үлкен жетістігі ретінде мүгедектігі бар жасөспірімдерге он екі мүшесі сау балаларда эмпатия пайда болуына, ал оқушыларды оларды қолдаудың маңыздылығын түсінуге шақырғанын айтсақ жетеді. Оқу орындарының әкімшіліктері жобаны қолдады және ерекше балалармен инклюзия мен қарым-қатынас этикасы бойынша ақпараттық тренингтерге педагогтердің белсенді қатысуын қамтамасыз етті.

Осылайша, үкіметтік емес ұйымдар жаңа құралдарды қолдана отырып, тең құқықтар мен түрлі мүмкіндіктер қоғамын қолдайды. Пандустар, көмекке шақыру түймелері, брайльға аудару, арнайы лифттер сияқты дәстүрлі бастамаларды жүзеге асырумен қатар, қазір олар адвокатура, білім беру, оқыту, прогрессивті технологияларды қолдану құралдарына да назар аударады. Ал, жұрттың бәрі тең саналатын өркениетті елге айналамыз десек, халық мүмкіндігі шектеулі жандарға үрке қарамауы керек.

Елімізде инклюзивті қоғам дамуының негізгі қағидасы ретінде инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға баса назар аударылып келеді. Негізінде инклюзивті қоғам қалыптастыру үшін, алдымен әртүрлілікті қабылдауға байланысты дағды қалыптасуы тиіс. Жалпы алғанда елімізде түрме, жетім балалар үйі мен қарттар үйі сияқты институттар құрылып, халықта оларға деген өзгеше көзқарас қалыптасқан. Бірақ қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен халықтық философия-психологиясында кемсітушілік, алалау, жек көру сынды көзқарасты құптамайтынын білеміз. Сондықтан біздің қазақ қоғамына инклюзия идеялары, құндылықтары жат емес екенін ескере отырып, негізгі мақсат инклюзивті сана-сезімді оятуға бағытталуы керек сияқты. Мәселен, сала  мамандары инклюзив дегенді қоғам жалпыхалықтық комфорт деп қабылдауы керек деген мәселені қолға алса, адамдар арасында бір-біріне деген құрмет, мейірім, жанашырлық артып, проблема азаяр ма еді.