Қазақстандағы инклюзия: қоғам дамуының трансформациясы
Түркістан облысының тұрғындарының назарына елімізде инклюзивті қоғамды дамыту мақсатында бұл бағыттағы білім беру жүйесін жетілдіруге ерекше мән беріліп отырғандығы жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Көпшілік «инклюзия» дегенді тек мүмкіндігі шектеулі жандармен ғана жұмыс істеу деп түсінеді. Алайда, бұл қате пікір. Шын мәнісінде инклюзия – бұл қоғамдағы барлық адамдарды интеграциялау қатынасы, яғни дискриминация (адамды кемсіту) түсінігіне кереғар ұғым. Қазақстанда 19,7 млн халық тұрады, соның 700 мыңында мүгедектігі бар екен. Сол мүмкіндігі шектеулі жандардың 80 пайызын еңбекке қабілетті жастағылар құрайды. Бір әттеген-айы, солардың 104 мыңы ғана жұмыс істейді. Демек, мүгедектігі барлар негізінен мемлекеттік жәрдемақы есебінен күн көреді. Содан олар экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін өзінің әлеуетін толық пайдалана алмай отыр. Ал, бүгінде азаматтық қоғам өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға және инклюзивті қоғамды дамытуға үлкен көңіл бөліп жүргені рас.
Түркістан облысында 2,1 млн халық тұрады. Бұл көрсеткіш бойынша алдына ешбір облысты салмайды. Халқы көп өңірде мүгедектер де көп. Олардың саны 100 мыңға жуықтайды. Яғни, елдегі әрбір жетінші мүгедек Түркістан облысын мекендейді деген сөз. Сондықтан облыста инклюзивті қоғамды дамытуға басымдық берілмесе болмайды.
Былтыр «Қорған-М» қоғамдық бірлестігінің командасы облыста балаларды инклюзивті оқыту бойынша ақпараттық науқан өткізді. «Тең мүмкіндіктерге бірге» акциясына өңірдегі 100 мектептен 2 500 оқушы қатысты. Жоба қорытындысы бойынша мамандар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының 100 балабақшасы мен мектебінде оқыту іс-шараларын өткізді, «Тең қоғам» әлеуметтік ролигін шығарды, ерекше балалармен қарым-қатынас этикасы бойынша педагогтарға арналған әдістемелік құрал дайындады.
Жобаның үлкен жетістігі ретінде мүгедектігі бар жасөспірімдерге он екі мүшесі сау балаларда эмпатия пайда болуына, ал оқушыларды оларды қолдаудың маңыздылығын түсінуге шақырғанын айтсақ жетеді. Оқу орындарының әкімшіліктері жобаны қолдады және ерекше балалармен инклюзия мен қарым-қатынас этикасы бойынша ақпараттық тренингтерге педагогтердің белсенді қатысуын қамтамасыз етті.