Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай қолдау көрсетіледі?
Түркістан облысының тұрғындарының назарына біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолдау мен көмек қарастырылғандығы жөнінде ақпараттарды ұсынамыз. Түрлі қолдау іс-шаралары, жарыстар, мемлекеттік жәрдемақылар үзбей төленіп тұрады. Сонымен қатар қоғаммен қатар байланысып, дамуы мақсатында түрлі жобалар да ұйымдастырылады.
Елімізде ерекше адамдарға арналған жаңа қолдау орталықтары жетерлік. Бұл мекемелерде сурет салу, ән айту, шаштараз, тігін және массаж сияқты түрлі үйірмелер мен іс-шаралар бар, олар барлық санаттағы мүгедектерге қолжетімді. Сонымен қатар, келушілер психологтар мен заңгерлерден тегін кеңес алу мүмкіндігіне ие.Мекеменің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға тең жағдай жасау, олардың әлеуметтік интеграциялануын, тәуелсіздігін және армандарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету. Орталық жұмысының маңызды аспектісі — бұл әрбір адам өзін қосылған және қолдау көрсетілетінін сезіне алатын инклюзивті ортаны құру.
Мемлекет басшысының біздің алдымызға қойған басты міндеті – облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, сондықтан біз бюджет қаражатын жаңа мектептер мен балабақшалар салу, мектептер мен балабақшалар құрылысын жақсарту сияқты өзекті мәселелерді шешуге жұмсауды жоспарлап отырмыз. Денсаулық сақтау, жол жөндеу, ауылдарды газдандыру, автобус паркін толықтыру бойынша да қарқынды жұмыстар жалғасуда.
2024 жылдың басынан бастап өңірлер арасында қатынайтын барлық пойыздарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы вагондар болады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев айтты.
Көлік институты өкілінің айтуынша, көлік саласында «кедергісіз орта» құру жұмысы аясында еліміздегі 300 вокзал мен терминалдың 136-сы мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, оның ішінде балалар үшін теміржол көлігінде жол жүру ақысына 50 пайыз, «Тұлпар-Тальго» пойыздарындағы арнайы орындарға билеттерге 70 пайыз жеңілдік қарастырылған.