Барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтары маңызды

70

Түркістан облысынының тұрғындарының назарына барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру және бекіту жөніндегі шаралар жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Түркістан облысы – Қазақстанның ең маңызды аймақтарының бірі, оның бай мәдени мұрасы мен тарихы бар. Әртүрлі этникалық топтар мен дін өкілдері өмір сүретін бұл аймақта қоғамда өзара құрмет пен теңдік құндылықтарын нығайту маңызды. Бұл мақалада Түркістан облысында барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру және бекіту үшін атқарылып жатқан шаралар, олардың тиімділігі және болашақта жүзеге асырылатын қадамдар талқыланады.

Біз ұрпағымызға өзіміз өнеге көрсету арқылы нағыз адамгершілікті тұлғалықты танытамыз. Қоғам абырой сөзін кең мағынада – ар, ұят, құрмет, бедел қадыр-қасиет сияқты ұғымдардың жүйесін түсінеді. Абырой бұл – тұлға бойындағы қазыналы қастерлі құндылық. Ұлтымыздың философиялық түсініктері адамзатты даналыққа, адамгершілікті етіп ұстауға, әділ болуға, адал, намысшыл, шынайы өтірік айтпауға, екіжүзділіктен аулақ болуға, аманатқа қиянат жасамауға тәрбиелеп отырған. Ата-бабамыздан аманатталған осы асыл қағидаларды сақтамау, оларды бұзу, қиянатқа жол беру-қатаң жазалауға апарады. Тарихи, шежіре мәлеметтерден, мұрағат құжаттардан көптеген кісі өлтіру, елдің беделді, құрметті азаматтарын қорлау, бөгденің мүлкін малын заңсыз иелену, ұрлау, зомбылық пен қиянат жасап ар, ұятқа қиянат жасағанда өте ауыр күнәні атанғандар қатаң жазалар кесілгендіктерін білеміз.

Адалдық адамның бойындағы құны жоғары қасиет, азаматтық санасы, ой-түйсігі мен ар-намысына қарсы келмейтін іс-әрекеттердің моральдық-этикалық құрылымдық жүйе. Адамгершілік, адал болу, алдамау, шыншыл болу сияқты қасиеттер ұжымдық ортада бойына сіңірген тәлім-тәрбиесіне, ішкі жан дүниесіне, біліміне, таза жұмыс істеуіне, еңбек етуіне байланысты ұштаса отырып қалыптасып, адамның жеке басы мен тұлғалығының деңгейін көрсетеді, сипаттайды. Адам озып, ұятсыз қылыққа жол берген адамдарды қазақтың дала заң нормаларында қатаң жазалау тәсілдер қолданғанын да білеміз. Ең ауыр масқаралау жазасының бір түрі бұл – моральдік этикалық нормаларды бұзған үшін жазаға кесілген адамды есекке теріс мінгізу болған. Бұндай жазалау халқымыздың дәстүрлі дала заңында қатаң ауыр жаза деп табылған.

Ата бабамыздан біздердің ұғымымызда «адал кәсіп», «адал мал», «адал ит», «адал жар» деген қастерлі сөздер қалғаны белгілі, бұл сөздердің түпкі мағынасы таза, жалғандықтан ада деген мағынасында білдіреді. Ұрпақты үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, иманды болуға адамгершілікке баулу. Адам бойындағы асыл қасиеттерді әр адам жоғары қойып үлкен жауапкершілікпен қорғауы керек. Азаматқа қойылатын басты талап-адамгершілік пен адалдық. Ол адам бойындағы ең асыл қасиет және азаматтың ең биік мұратына жетелейді. Бұл ізгі адамгершілік қасиеттері адамды мейірімділікке, Отанын, жерін, жанұясын құрметтеуге бағалауға сүюге үйретеді. Адам баласының бойында адамгершілік пен адалдық қасиеттер болмаған жағдайда, адам өз-өзінің құнын білмейді, сыйламайды. Адам бойында жағымды иманды қасиеттер көп болса, ол адамның жолы ашық болмақ, оған бақ та, дәулет те қонады деп жатамыз, жастарды жақсы қасиеттерге үйрету жағымсыз қасиеттерден арылту қажет. Кез келген адам өзіне қымбатты болып танылатын, өзі үшін өте құнды деп есептелетін нәрсесін қаншалықты бағаласа, құрмет тұтса, барынша жақсы көріп сүйіспеншілік танытса ғана бұны нағыз намыс екенін түсінеміз.