Қоғам ынтымағы бәрінен де қымбат

47

Түркістан облысының тұрғындарының назарына барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру жөнінде ақпараттарды ұсынамыз.  Қазақстанның  ең қымбат қазынасы ол мұнай немесе алтын емес, басты байлық – ол осы елдің азаматтары. Азаматтарымен қатар қоғамдағы барлық адамның өзара құрметі мен теңдік құндылықтары да қастерлі саналады.  Яғни қоғамда өзіндік мүдделері мен мақсаттары бар түрлі әлеуметтік топтар мен саяси күштер болады. Осы әлеуметтік топтар мен саяси күштердің өзара сенімі, келісімі, өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығы әлеуметтік өмірдің ерекше сапалы жағдайы болып табылатын қоғам бірлігін құрайды. Қазақ жерінде бүгінде шығу тегі басқа, көзқарасы, діни ұстанымы, сенімі әртүрлі адамдар тіршілік кешуде. Бір шаңырақ астында осындай түрлі жанның бірлікте күн кешуі әрине ол ынтымақ пен бірліктің арқасы.  Ел ішіндегі ынтымақ пен ауызбіршілік, қоғамды құраушы жандардың өзара түсіністігі мен сый-құрметі – елдегі тұрақтылықтың кепілі. Қоғамда ынтымақтастық рухты қалыптастыру елдің тұрақтылығына тіреу болады. Сондықтан  тек мемлекет қана емес, бүкіл азаматтар осы қоғам бірлігі тетіктерін дамытуға бірлесе атсалысуы қажет. Қазақстан  қоғамдық ынтымақтастық, бірлік пен өзара келісім, ауызбіршілік жағынан көпке үлгі болып отырған мемлекеттің бірі. Еліміздің кез-келген азаматы тілі, діні, тегі мен ұлты басқа болса да барлығына құрметпен қарау керектігін, тең екенімізді ұғынады және осы қадиғаданы ұстанады. Сондай-ақ ел басына күн туғанда республика азаматтары дәреже мен ұлтына қарамастан жұдырық болып жұмыла кететінін тарихтың өзі дәлелдеп келеді.
Қоғамда тұрақтылық пен ынтымақ әрдайым керек. Себебі ынтымақ, татулық  ол бірінші кезекте елдің тыныштығы. Ал тыныштықты сақтайтын әрбір азаматтың бойындағы мәдениеттілігі жоғары болуы қажет. Мемлекет барлық адамға бірдей әділетті және тең мүмкіндікті жасаған.  Яғни біздің елде өзінің жеке артықшылығы мен шығу тегіне қарамай, қабілетіне қарай барлық мүмкіндігін жүзеге асырып, жетістіктерге жетуге жағдай жасалған.  Ал шыққан тегі мен ұлтына қарамастан қабілеті мен мүмкіндігі артқан адамдар саны көбейген сайын ел егемендігі нығайып, қоғамның біртұтастығы артады.