Гендерлік теңдік пен отбасылық құндылық аражігі

52

Түркістан облысының тұрғындарының назарына барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Қазіргі қоғамда адам теңдігі мен гендерлік теңдіктің аражігі айқындалмай тұр. Қоғам түйсінігіндегі тұлғалық еркін позицияны көп жағдайда «өзім білеміннің» эгосы басып кетіп тұр. Оған себеп, біздің қазақи менталитетке сай келмейтін шығыс пен батыстан келген еліктеушілік. Олардың «Мені осылай қабылда!» деген позициялық ұстанымы біздің көркем мінезділік пен сыпайылықтың алдын кесе көлденең кесіп отыр. Қазаққа жат осы әлеуеттік стереотиптер болашақ ұрпақтың санасын улайтыны анық.

Гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталған көзқарас. Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Стратегия – мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Қазіргі кезде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемді жұмыстар жүргізіп жатыр. Барлық қоғам өмірінің салаларында гендер түсінігі әйелдердің ғана емес ерлердің де тұлғалық ерекшеліктерін қорғайды. Бірақ өз менталитетімізге байланысты қарама-қайшылықтар кездеседі. Қазір көп отбасыларда түрлі жағдай боп жатады. Неге олай болып жатыр, неге ажырасу көп? Соның бәрі зерттеуді қажет етеді.Оның шешу жолдарын анықтау керек.Көпшіліктің түсінігінде бұл термин көбіне әйел мәселесі, әйелдің билікке таласуы деп қабылданады. Әр ұлттың өз менталитеті бар, біздің де өз менталитетіміз бар. Жалпы, гендер деген әйел адам мен ер адамның қарым-қатынасы. Ал, қазақта ер мен әйелдің қарым-қатынасы қандай болған, ер адамды сыйлау, үлкен адамды құрметтеу, қыз тәрбиесі тағы басқада құндылықтарды осы этногендерология арқылы көрсетеміз. Негізі көпшілік гендер деген нәрсені ер адамға қысым сияқты қабылдайды.Алайда, қазақ халқының өз гендері бар. Ал біз отбасы құндылықтарын сақтауымыз керек.