Заманауи білім беру жүйесіндегі бағдарламалар инклюзивті білім беружағдайларын ескеретіндей болып өзгеруі керек

133

Түркістандық оқырмандарымыздың назарына инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы екендігі жөнінде ақпараттапһрды ұсынамыз. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Олар мүмкіндігі шектеулі құрбыларына көмектесе отырып, өздері үшін маңызды өмірлік тәжірибе жинақтайды, әлеуметтік оң көзқарас, өзіндік пікірлер, өзіндік сана мен дүниетанымдар қалыптасады, осылардың негізінде шынайы достық пен қамқорлық сезімдері қалыптасады.

Инклюзивтік білім беру — барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Сондықтан, заманауи білім беру жүйесіндегі бағдарламалар инклюзивті білім беружағдайларын ескеретіндей болып өзгеруі керек, әр баланы оның жеке ерекшеліктерін ескере отырып қабылдауы және оның мүмкіндіктеріне қарай оқытуы қажет. керек. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мекемелердің оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.