ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ КЕМШІН ТҰСТАР ТҮПКІЛІКТІ ШЕШІЛДІ

199

Жергілікті өзін өзі басқару функциясын іске асыру бойынша «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес бөлінген қаржыны және басқа да түсімдерден түскен қаржыны игеру, кіріс-шығыс жоспарын бекіту туралы мәселелер жерге қатысты шетін тұстар қаралып, қоғамдастық мүшелерімен келісілді.

Шаға ауылдық округі тұрғындарының көпшілігі диқаншылықпен айналысады. Қазіргі кезде мұнда ауыл округінің жалпы ауыл шаруашылық жері – 57640 гектарға барады. Жақында ғана дәлірек айтқанда ҚР Үкіметінің 14.07.2023 жылғы №579 «Кентау қаласының шекарасын өзгерту туралы» қаулысына сәйкес 3783 гектар жері Шаға ауылдық округінен Кентау қаласының шекарасына Шоқтас елді мекені мен айналасындағы жерлерден енгізілді. Түркістан қаласының шекарасын кеңейту үшін тағы да 3674 гектар жер көзделген. Ол Шаға ауылдық округінен Шаға саяжайы және аэропорт жерлерін беру көзделген. Осыған орай 5230 гектар суармалы, 37845 гектар жайылымдық, 479 гектар шабындық жер қалдырылды. Аталған үш елді мекеннің ішкі жүйесінде 2338 гектар жері бар. Қорғалатын табиғи аймақтың аумағына 19002 гектар жер қалдырылды. Мал өсірушілердің өтініші негізінде ортақ жайылым үшін 16948 гектар жайылым жерлерді қайтару үшін жер телімдерінің тізімі аудандық жер қатынастары бөліміне ұсынылып, жергілікті «Сауран» газетіне тізімі жарияланды және аудан әкімінің тиісті қаулысы қабылданды. Қазіргі таңға облыстық жер кадастр бөлімімен жерге орналастыру жобасы дайындалуда.