Еліміз ерекше күтімді қажет ететін жандардың жағдайын жасауға барын салып келеді

67

«Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің жоспарлы сыйымдылығы 60 орын. Орталық жасы 1,5-нан 18-ге дейінгі I, II топтағы психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек қимыл аппараттары бұзылған балаларды күндізгі уақытта оңалтуға арналған.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетумен қатар, білім беру, мамандық иесі атануға жағдай жасау маңызды. Қазақстан бұл тұрғыдан үлкен тәжірибеге ие емес. Сондықтан Германияның тәжірибесіне жүгіне алады. Германия үкіметі ерекше қорғауды қажет ететін жандарды әлеуметтік-еңбектік оңалтумен өте тиімді айналысады. Германия зейнетақы төлеуге қарағанда мамандандырылған оқыту мен жұмысқа орналастыру әлдеқайда тиімді деп санайды. Әр мүмкіндігі шектеулі жанның жағдайы оған ең қолайлы мамандықты анықтау үшін жеке қаралады. Одан кейін кәсіби бейімделу, оқыту, қажет болған жағдайда біліктілігін арттыру іске асады. Жұмыс берушілер мұндай қызметкерлерді жұмысқа алуға мүдделі, өйткені олар мемлекеттен субсидия алады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытуға арналған бағдарламалар екі айдан екі жылға дейін созылады және таңдалған мамандыққа сай іске асады. Бұл мақсатта Германияда арнайы 40-тан астам мамандық түрі белгіленіп алынған. Міне бұл Қазақстан игеруі тиіс, білуі қажет тәжірибенің бірі.

Еліміз ерекше күтімді қажет ететін жандардың жағдайын жасауға барын салып келеді. Атқарылатын, іске асуға тиіс жұмыс әлі де көп. Жаңа заңдар мен түзетулер міндетті түрде олқылықтарды ескере отырып, оларды жоюға бағытталуы қажет. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамның тең және ажырамас бөлігі ретінде қарайтын қоғам құра білу басты міндет. Ерекше күтімді қажет ететін жандар қабылданған шаралар мен атқарылатын әрекеттерге байланысты өздерін қоғамның сенімді бөлігі ретінде сезініп, физикалық және психологиялық кедергілерді сезінбеуі қажет. Бұл Жаңа Қазақстанның да басты міндетінің бірі.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдардан қорқу көбінесе олар туралы ақпараттың жетіспеушілігінен туындайды, өйткені олар ұзақ уақыт бойы қоғамнан оқшауланған — олардың көпшілігі бар, бірақ біз оларды айналамызда көруге дағдыланған емеспіз. Сондықтан көптеген адамдар олармен қалай байланысу керектігін білмейді. Бірдеңені дұрыс істемеу немесе ренжітуден қорқып, кейбіреулер жай ғана шетке шығып, байланыс жасамауды жөн көреді. Бақытымызға орай, бүгінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмектесуге және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған ұйымдар бар, әртүрлі ресурстар мен мамандар өз білімдерімен бөлісуге және ерекше адамдармен қалай байланысуға болатынын ұсынуға дайын.