Бұл – мүгедек деп танылған адамның қабілітсіздігін түсіндіреді

50

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға бірдей құқығы бар екендігі жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық, мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл тек қана медициналық проблема емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік проблема.Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүру үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болуға адамның табиғи құқына ие болуға және тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті.
Қазақстанда мүгедектік проблемаларын халықаралық нормаларға сәйкес айқындау және шешу тәсілдерінде түбегейлі өзгерістер жүрып жатыр.

Қазіргі кезде еңбек ету қабілеті төмендеген немесе жоғалған адамдар ғана емес, сонымен қатар тіршілік әрекетінің басқа да шектелулері (өзіне өзі қызмет ету, жүріп-тұру, адамдармен қарым-қатынас жасау, бағдарлану, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқыту) бар адамдар да мүгедек деп танылады. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, мүгедектерді оңалту пробелмаларын тиімді шешу мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданатын кешенді нысаналы бағдарламалар шеңберіндегі белсенді қолдауын талап етеді. Мүгедек — бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілірі бар денсаулығы бұзылған тұлға.
Мүгедектік мәселесі, ол жайлы ұғым әлеуметтану және әлеуметтік жұмыста басты зерттелеу және талқылану тақырыбы болып табылады.Мүгедектік сырқатпен, зақымданумен, жарақатпен байланысты пайда болады. Бұл – мүгедек деп танылған адамның қабілітсіздігін түсіндіреді. Осыған байланысты қандай да бір жалпы қабылданған әрекеттер орындалуы керек, яғни халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуші мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелер тарапынан мүгедек деп танылған балалар мен азаматтарға әлеуметтік қорғау көрсетіледі.
“Мүгедек” — Қазақстан Республикасының “Мүгедектердің әлеуметтік қорғалғандығы туралы” заңында айтылғандай – сырқат, жарақат, зақымдану салдарынан пайда болған, өмір сүру шектелуіне әкеліп соқтырған, оны әлеуметтік қорғау қажеттілігін туындататын ағза қызметінің күшті бұзылуынан денсаулығы бұзылған адам.