Өркениетті қоғамның қалыптасу жолында мүгедектік ұғымы айрықша өзгереді

74

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүгедектердің өмір сүру шектеулігі – бұл адамның өзіне — өзі қызмет көрсету, өзіндік қозғалу, бағдарлау, басқалармен қатынасу, өз әрекетін бақылау, білім алу және еңбек қызметімен айналасу қабілеттілігімен мүмкіндігін жартылай немесе толық жоғалтуы жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Соқыр, саңылау, мылқау, қозғалу координациясы бұзылған жартылай немесе толық сал болған адамдар адамның қалыпты физикалық жағдайымен күшті ауытқуымен айқындау нәтижесінде мүгедек болып табылады. Сонымен қатар мүгедек болып кәдімгі адамнан сыртқы келбетімен айырмасы жоқ, бірақ сау адам істейтін әр түрлі салада еңбек етуге мүмкіндік бермейтін сырқаты бар адамдар да танылады. Мысалы, жүрек ауруымен ауыратын адам ауыр физикалық жұмысты орындай алмайды, бірақ ми қызметі жақсы жұмыс істейді.

Өркениетті қоғамның қалыптасу жолында мүгедектік ұғымы айрықша өзгереді, яғни экономикалық дамуы және тарихи ұлттық дәстүрлеріне байланысты әрбір мемлекеттің заңдылықтары мен ұғымдарында әр түрлі болуы жалғасып келеді. Алдайда бір ұғым барлық елде және әрқашанда сақталып келеді, яғни мүгедек қосымша әлеуметтік назарды қажет ететін азамат.
Егер мүгедекті барлық көзқарастар тұрғысынан қарастырсақ, онда оның басым жағы – бұл “мүгедектігі” бар адамға әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі. Мүгедектер және мүгедектік мәселесінің практикалық жағын қарастыру негізінде, берілген анықтама азаматтық – құқықтық қатынастарда қабылданған түсінік болып табылатын еске алу қажет. “Мүгедек термині заңдылықты актілерде бекітілген, оның заңдық анықтамасы берілген, және оның басқамен ауыстыру құқықтық көз қарасынан алғанда сыпайылыққа жатпайды.
Барлық мүгедектер әр түрлі негіз бойынша бәрнеше топқа бөлінеді: жасы бойынша мүгедек бала, ересек мүгедектер. Мүгедектіктің пайда болуы бойынша: бала кезінен мүгедек, соғыс мүгедегі, еңбек мүгедегі, жалпы сырқаттар мүгедегі.